Қор туралы

«Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ «Жылжымайтын мүлік нарығындағы мәселелерді шешу жөніндегі кейбір шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 6 наурыздағы №265 қаулысына сәйкес құрылды.
Жылжымайтын мүлік қорының Жалғыз акционері – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы.
 
Миссиясы

Мегажобалардың іргелі девелопменті, «жасыл» технологиялар қолданылатын құрылысты инвестициялау, сондай-ақ құрылыс саласына инновациялар енгізу арқылы Қазақстан Республикасының құрылыс саласы мен жылжымайтын мүлік нарығын дамытуға жәрдемдесу.

Көздегені

Мегажобалардың іргелі девелопменті және Қазақстан Республикасының құрылыс саласына инновациялар енгізу жөніндегі жетекші компания.

Қоғам қызметінің стратегиялық бағыттары:

I.  Қоғамның ұзақмерзімді қосылған құнын арттыру;
II. Құрылыс саласына инновациялар енгізу.

Бірінші стратегиялық бағыт «Қоғамның ұзақмерзімді қосылған құнын арттыру» бойынша негізгі мақсаттар мыналар болып табылады: ъ

1. Мегажобаларды іске асыруда іргелі девелоперге айналу. Қоғам қалалық агломерацияларды дамыту саясаты («Өңірлерді дамыту» бағдарламасы) шеңберінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үдемелі индустриялық-инновациялық даму  жөніндегі мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде мегажобаларды инвестициялауды көздейді.
2. Коммерциялық жылжымайтын мүлік девелопменті. Қоғам коммерциялық жобаларды жылжымайтын мүлік нарығының жеке меншік капитал белсенділігі жеткіліксіз сегменттерінде ғана іске асырумен айналыспақ.
3. Қызметтің тиімділігін арттыру. Қоғамның ішкі процестерін, корпоративтік басқару жүйесін жетілдіру, персоналды тиімді басқару жобаларды іске асыру үшін табыстың сыни факторы болып табылады.  
 
Екінші стратегиялық бағыт «Құрылыс саласына инновациялар енгізу» бойынша негізгі мақсаттар мыналар болып табылады:

1. «Жасыл» технологиялар қолданылатын жылжымайтын мүлік девелопменті. Бұл мақсат «EXPO-2017» көрмесіне дайындық шеңберінде  "Жасыл орам" құрылысын, сондай-ақ «жасыл» құрылыс стандарттарына сәйкес сертификатталған «жасыл» тұрғын үй кешендерін салуды көздейді. Қоғам жылжымайтын мүлік нарығының жаңа сегментін қалыптастыратын елдіге алғашқы девелопер болмақ.
2. Жылжымайтын мүлік девелопменті саласындағы озық тәжірибе трансферті. Қоғам жобаларды құрылысқа инновациялар енгізуде тәжірибесі бар серіктестерді тарта отырып, алған білімін бұдан кейінгі жобаларды іске асыру кезінде пайдалана отырып жүзеге асырмақ.

Даму стратегиясы екі кезеңмен іске асырылатын болады:

1. 2014-2016 жылдар: Қоғамның «Қолжетімді баспана – 2020» бағдарламасы бойынша ағымдағы міндеттемелерін 2016 жылға дейін аяқтау. Сондай-ақ «Жасыл орам» қанатқақты «жасыл» жобасын 2016 жылға дейін іске асыруды көздейді.
2. 2017-2023 жылдар: Жаңа стратегиялық бағыттар бойынша жобаларды іске асыру. Екінші кезеңде Қоғам мегажобаларды, «жасыл» девелопмент, коммерциялық жылжымайтын мүлік девелопменті саласындағы жобаларды  іске асыратын болады, сондай-ақ ең жаңа технологияларды қолдану арқылы және салалық сарапшылар мен технологияларды жеткізушілермен ынтымақтасу арқылы құрылыс саласына инновацияларды белсенді енгізетін болады.

Біздің серіктестер