Қалай бағдарламаның қатысушысы болуға болады

Өңірлерді 2020 жылға дейін дамыту

«Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі» мемлекеттік бағдарламасы

Үкіметтің 2014 жылғы 28 маусымдағы № 728 қаулысымен бекітілген «Өңірлерді 2020 жылға дейін дамыту» бағдарламасы тұрғын үй салудың мынадай негізгі бағыттарын көздейді:

1. ЖАО-да кезекте тұрғандар үшін тұрғын үй.
2. ҚТҚЖБ желісі бойынша тұрғын үй: 1) халықтың барлық санаты үшін; 2) жас отбасылар үшін.
3. «Қазақстан ипотекалық компаниясы» ипотекалық ұйымы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - «ҚИК» ИҰ» АҚ) тұрғын үйі: 1) сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үй; 2) сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй.
4. «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ) тұрғын үйі.
5. Авариялық тұрғын үйді бұзу жөніндегі пилоттық жобалар шеңберіндегі тұрғын үй.
6. Жеке меншік тұрғын үй.

Жылжымайтын мүлік қорының желісі бойынша тұрғын үй

«Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі» бағдарламасы шеңберінде Жылжымайтын мүлік қоры тұрғын үйді өткізудің екі нұсқасын қарастырып отыр: тікелей сату және сатып алу құқығымен жалға беру.
Үкіметтің жоғарыда көрсетілген қаулысына сәйкес пәтерлерді сату кезінде Жылжымайтын мүлік қорының тұрғын үйі бірінші кезектегі тәртіппен жергілікті атқарушы органдар арқылы кезекте тұрғандар арасында өткізілетін болады. Яғни Жылжымайтын мүлік қоры ЖАО арқылы сатуға үшін салған пәтерлерін әкімдікке береді, ал әкімдік өз кезегінде кезекте тұрған азаматтар арасында осы пәтерлерге үміткерлер тізімін жасайды. Әкімдікте өтпеген пәтерлер Жылжымайтын мүлік қорының ішкі қағидаларына сәйкес бөлінетін болады (www.fnsk.kz сайтында электрондық өтінімдерді қабылдау арқылы).

Жылжымайтын мүлік қорының желісі бойынша электрондық кезектілікке тұру үшін мыналар қажет:

  • ХҚО-дан электрондық-сандық қолтаңба алу;
  • ЭСҚ файлдарымен жұмыс істеу мүмкіндігін беретін (Java) бағдарламалық жасақтамасын орнату/ соңғы нұсқасына дейін жаңарту;
  • ЭСҚ көмегімен www.fnsk.kz сайтына тіркелу;
  • Жылжымайтын мүлік қоры жариялаған мерзімде өтінім беру.

Тұрғын үй-жайдың 1 шаршы метрінің құны мынадай болады:

1) Астана, Алматы, Атырау, Ақтау қалаларында және олардың қала маңындағы аймақтарында тұрғын үйді «тікелей сатып алу» арқылы алу кезінде құрылысы 2012 жылы басталған тұрғын ауданының 1 шаршы метрінің бағасы 180 000 теңгеден аспайды. Елдің басқа өңірлерінде құрылысы 2012 жылы басталған тұрғын үйдің 1 шаршы метрінің құны 144 000 теңгеден аспайды. Одан арғы жылдары тікелей сатып алу бағасы құрылыс құнының өзгеруі ескеріле отырып нақтыланатын болады. Тұрғын үйді тікелей сатып алу тәсілімен алған кезде екінші деңгейдегі банктер (ЕДБ) арқылы ипотекалық кредит беру мүмкіндігі қарастырылған.

2) Астана, Алматы, Атырау, Ақтау қалаларында және олардың қала маңындағы аймақтарында тұрғын үйді сатып алу құқығымен жалға алу (15 жыл мерзімге) тәсілімен алу кезінде 1 шаршы метр үшін ай сайынғы төлем шамамен 1600 теңге, елдің басқа өңірлерінде сатудың алғашқы жылында тұрғын үйлердің жалпы ауданының бір шаршы метрі үшін 1300 теңге болады. Одан арғы жылдары ай сайынғы төлем мөлшері құрылыс құнының өзгеруі ескеріле отырып нақтыланатын болады. Шаршы метрдің бағалары Үкіметтің қаулысымен бекітілген, теңге валютасына байласқан және доллар бағамына тәуелді емес.

Азаматтарға осы екі бағыттың ішінен біреуін ғана таңдауға және бағдарламаның кез келген бағыттары бойынша меншігіне ең көбі бір пәтер сатып алуға мүмкіндік беріледі.

Бағдарлама шеңберінде Жылжымайтын мүлік қорының қатысуымен құрылыс салушылар Алматы облысында, Ақтөбе, Тараз, Алматы мен Астана қалаларында тұрғын үй кешендерін пайдалануға берді. 2015 жылғы 21 шілдедегі жағдай бойынша Жылжымайтын мүлік қоры аталған объектілерден 1480 пәтерді сатты, оның ішінде тікелей сату бойынша – 171 және сатып алу құқығымен жалға беру бойынша 1309 пәтер.

Басымдықта: тұрғын үй сатып алғысы немесе тұрғын үй жағдайын жақсартқысы келетін өңірде тұрғын үйі жоқ, тұрақты табысы мен төлем қабілеті бар азаматтар.

Бағдарламаның негізгі шарттары Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы бойынша «Самұрық-Қазына» Жылжымайтын мүлік қоры» АҚ тұрғын үй және коммерциялық (тұрғын емес) үй-жайларды, сондай-ақ машина орындарын сатып алу Қағидаларында және Тәртібінде бекітілген.

Төмендегі кестеде жылдар бойынша жалдау төлемінің есебі ұсынылады:
1 ш.м. .үшін сатып алу құқығымен жалға алу бойынша ай сайынғы ставканың орташа есебі

Астана мен Алматы қалаларында (құрылыстың өзіндік құны 1 ш.м. үшін
150 000 теңге болған кезде)
Сатып алу құқығымен жалға алынатын жылдар саны
5 жыл 7 жыл 10 жыл 15 жыл
Жалдау төлемі
1 ш.м. үшін (теңге)
3 160,72 2 469,60 1 965,88 1611,77

Өңірлерде (құрылыстың өзіндік құны 1 ш.м. үшін 120 000 теңге болған кезде) Сатып алу құқығымен жалға алынатын жылдар саны
5 жыл 7 жыл 10 жыл 15 жыл
1 ш.м. үшін жалдау төлемі (теңге) 2 528,57 1 975,68 1 572,70 1 278,87

Біздің серіктестер