8-800-8000-111

Барлық мәселелер бойынша
Call-орталыққа жүгінуге болады

Серіктестерге

Ауқымды деректер базасына ие бола отырып және нарыққа ұдайы мониторинг жүргізе отырып, Қор құрылыс салушыларға өнімдері заманауи сапа стандарттарына сай қазақстандық өндірушілермен тиімді ынтымақтастық сұлбаларын ұсынады.

Осылайша, Жылжымайтын мүлік қорымен ынтымақтастық көптеген отандық құрылыс компаниялары үшін бизнесті дамытудың келешекті бастапқы сатысы болмақ. Қор компанияларға орнықтылығын сақтап қалуға көмектесіп қана қоймай, қаржылық қолдау көрсетеді, сонымен қатар қазақстандық құрылыс компанияларының мәртебесін ңығайтын және отандық құрылыс индустриясын тиімді дамыту бағытын белгілей отырып, олардың сенімді серіктесі де болады.

Қазақстандық қамтуды арттыру

Жылжымайтын мүлік қоры өзі қаржыландыратын құрылыс салушылардың сатып алуындағы қазақстандық қамтуды арттыруға мынадай жолдармен жәрдемдеседі:

  • құрылыс нысандарын қаржыландыру жөнінде жасалған шарттардың шеңберінде материалдар мен қызметтерді ұсынуға қазақстандық компаниялардың қатысуын бақылайды;
  • құрылыс өніміне келісілген жоғары бағалар шегінде ірі отандық өндірушілермен ниет және ынтымақтастық туралы меморандумдар жасасады – Дағдарысқа қарсы бағдарлама шеңберінде 25 меморандумға қол қойылды;
  • отандық өндірушілер мен құрылыс салушылар арасында құрылыс өнімдерін жеткізуге тікелей шарттар жасасады – қазіргі уақытта 106 шарт жасалды.

Біздің серіктестер