8-800-8000-111

Барлық мәселелер бойынша
Call-орталыққа жүгінуге болады

Жаңалықтар

23.08.2018

«Самұрық-Қазына» қоры компанияларының жаңалығын бір жерден оқыңыз!

SKNEWS.KZ порталы (https://sknews.kz/) – бұл Қор жаңалықтары ортақ арнада тоғысатын корпоративтік құндылықтар мекені, тиімді коммуникациялар алаңы. Мұнда барлық корпоративтік өмірге қызығушылық танытқан тараптарға арналған дүниелер жарияланады.

Жаңа сайттың тағы бір ерекшелігі, қазіргі заман талабына сай «3D» сипатында «Еңбек адамы» арнайы жобасы іске қосылып, онда өз ортасында жарқын келбетімен көзге түскен кәсібінің үздіктері туралы жазылатын болады.

«Қазмұнайгаз» ҰК» АҚ, «ҚТЖ» ҰК» АҚ, «Самұрық-Энерго» АҚ, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ, «КЕGОС» АҚ, «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ, «Қазпошта» АҚ, «Қазақтелеком» АҚ, «Біріккен химия компаниясы» ЖШС, «Air Astana» АҚ, «Самұрық-Қазына Инвест» ЖШС, «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ және Қордың өзге де еншілес кәсіпорындарының ең қызықты да маңызды деген оқиғалары Әлеуметтік өзара ықпалдастық және коммуникация орталығы құрған бірыңғай корпоративтік сайттан көрініс табады.

SKNEWS.KZ көз жазбаңыздар, себебі корпоративтік ортаның озық үлгілері осында тек осында!

 https://sknews.kz/

Біздің серіктестер