8-800-8000-111

Барлық мәселелер бойынша
Call-орталыққа жүгінуге болады

Жаңалықтар

27.11.2018

Сандықбаев Болатқан Айтқожнаұлы «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ Басқармасының Төрағасы болып тағайындалды.

 «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Басқарма Төрағасы А.С. Есімовтің                            2018 жылғы 27 қарашадағы бұйрығымен Болатқан Сандықбаев «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ Басқарма Төрағасы болып тағайындалды. 

Болатқан Айтқожанұлы Сандықбаев 1960 жылы туған. Алматы сәулет-құрылыс институтын «Өнеркәсіптік және азаматтық құрылыс» мамандығы бойынша бітірді. Басшы қызметте еңбек тәжірибесі мол. «Қорғас» ШЫХО» АҚ Вице-президенті, «Астана-Құрылыс» ҰҚК» АҚ Президенті, «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ «Астана ЭКСПО-2017 Құрылыс Дирекциясы» филиалының Бас директоры болып істеді.

«Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ Басқарма Төрағасы лауазымына тағайындалғанға дейін «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ компаниялары тобына кіретін «Объектілер құрылысы жөніндегі компания» корпоративтік қорының Бас директоры болып істеді.

«Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ Басқарма Төрағасы Болатқан Сандықбаевтың бұйрығымен «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ Бас директоры - Басқарма Төрағасының Бірінші орынбасары болып Арман Жетпісбай тағайындалды. 

Сондай-ақ, «Объектілер құрылысы жөніндегі компания» корпоративтік қоры Қамқоршылық кеңесінің 2018 жылғы 27 қарашадағы шешімімен Арман Жетпісбай «Объектілер құрылысы жөніндегі компания» корпоративтік қорының Бас директоры лауазымын қоса атқарады.

Біздің серіктестер