8-800-8000-111

Барлық мәселелер бойынша
Call-орталыққа жүгінуге болады

 
 

Жаңалықтар

14.12.2018

Қызылорда қаласында пәтерлерді еркін өткізу басталғаны туралы

«Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ  Қызылорда қаласы  Демесинова даңғылы, 77-үй пәтерлерін тікелей сату және сатып алу құқығымен жалға беру тетігі арқылы еркін өткізу басталғаны туралы жариялайды.

Пәтерлер Жылжымайтын мүлік қорының ішкі ережелеріне сәйкес өткізіледі.
Пәтер алу туралы өтінімдер Қызылорда қаласында баспанасы бар-жоғына қарамастан, жеке және заңды тұлғалардан қабылданады және түсуіне қарай қаралады. Пәтер алғысы келетіндер  өтінімдерін (өтінім үлгісі қоса беріледі) kyzylorda@fnsk.kz сайтына жіберулері тиіс. Өтінімдерді қабылдау кезінде көрсетілген электрондық мекенжайға өтінімін бірінші берген азаматтарға артықшылық көрсетіледі. Пәтерлерді қарау және таңдау үшін Қызылорда қ. сату кеңсесіне жүгінуге болады.

 

Құжаттарды қабылдау және шарттар жасасу Өтінімдердің түсуіне қарай жүргізіледі.

 Құжаттарды тапсыру мерзімі - өтінім қабылдау басталған сәттен 10 (он) жұмыс күнінен кешіктірмей.

 

Сатып алу құқығымен жалға беру немесе тікелей сату тетігі арқылы өткізілетін пәтерлердің жалпы саны – 146 пәтер. Бұл тұрғын үй Қызылорда қаласының орталығында, Демесинова даңғылында орналасқан, үй қабаттылығы – 5-қабатты. 

Қызылорда қаласынан пәтерлерді еркін алу туралы өтінімдерді қабылдау басталатын күні мен уақыты: 14.12. 2018 жылғы сағат 15:30-дан бастап.

Құжаттар дүйсенбі-жұма күндері, сағат 9:00-ден – 18.30-ға дейін  (үзіліс сағат 13:00-14:30-ға  дейін; сенбі, жексенбі – демалыс күндері) келесі: Қызылорда қ., Жахаев көшесі, 114-үй, 2-қабат мекенжайында.

Барлық мәселелер бойынша мына телефондар арқылы +7 (7242)23-01-03, +7(7242)91-90-70 жүгінуге болады.

Сату кеңсесінің менеджері міндеттерін жауапсыз орындаған жағдайда, келесі нөмірге +7 (7172) 55-90-04 (Жанболат, Әсел) хабарлауыңызды сұраймыз.

 
Бір пәтерге бір өткізу тәсіліне бірнеше өтінім келіп түскен жағдайда, уақыты бойынша бұрын келіп түскен өтінімге басымдық беріледі. Орынжайлар Өтінушілерге қаржылық ұйымдарға кредиттеу немесе ипотекалық кредиттеу арқылы еркін өткізілуі де мүмкін. Бұл ретте сатып алу құқығымен жалға алу шартын немесе кредит/ипотекалық кредит ресімдеумен байланысты барлық шығыстарды Өтінуші көтереді.

 

Сатып алу құқығымен жалдау немесе тікелей сатып алу арқылы арқылы өткізілетін Қызылорда қаласы Демесинова даңғылы, 77-үй  мекенжайында орналасқан «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ-ға тиесілі пәтерлердің тізімі:

 

 

№ п/п

Тип квартиры

Максимальная площадь по типу (кв.м.)

Количество комнат

Количество квартир

Максимальная цена ежемесячного арендного платежа по типу - 20 лет, тг/месяц

Гарантийный взнос в размере 3-х месячного арендного платежа, тг.

Общая стоимость квартиры при прямой продажи, тг.

1

ТИП №1

59,5

2

50

58 680,09

176 040,27

9 780 626,66

2

ТИП №2

74,9

3

96

73 867,87

221 603,63

12 312 082,97


 

Назар аударыңыз!
Құрметті Өтінушілер! Пәтер алуға өтінімді kyzylorda@fnsk.kz сайтына бергеннен кейін Сізге жалдау төлемінің ең жоғары сомасын (бұдан әрі – ЖТЖС) есептеуге  «Банк Центр Кредит» АҚ-ға жолдама беру үшін сату  кеңсесінің менеджері хабарласады. Аталған ЖТЖС есептемесі банктің белгіленген тарифіне сәйкес ақылы негізде жасалады.
«Банк Центр Кредит» АҚ Қызылорда қаласындағы бөлімшелерінің мекенжайлары:

  • Тоқмағамбетов көшесі, 46
  • Тоқмағамбетов көшесі, 48, 6А тұрғын емес бөлме.

 

ЖТЖС есептеу үшін екінші деңгейлі банктерге (ЕДБ) ұсынылатын құжаттардың тізбесі:
1. Банк нысанына сәйкес ЖТЖС есептеу туралы өтініш.
2. Банк нысанына сәйкес Өтінушінің және онымен бірге тұратын отбасы мүшелерінің кредиттік тарихын тексеруге және кредиттік бюроның ол туралы басқа адамдарға кредиттік есеп беруіне келісімі.
3. Өтінушінің және онымен бірге тұратын отбасы мүшелерінің зейнетақы төлемдерін тексеруге келісімдері.
4. Өтінушінің және онымен бірге тұратын отбасы мүшелерінің жеке басы куәліктерінің түпнұсқалары мен көшірмелері.
5. Өтінушінің және онымен бірге тұратын отбасы мүшелерінің құжаттар тапсырылатын айға дейінгі соңғы алты ай ішіндегі жалақысы туралы жұмыс орнынан берілетін анықтамалардың түпнұсқалары.
6. Өтінушінің және онымен бірге тұратын отбасы мүшелерінің құжаттар тапсырылатын айға дейінгі соңғы алты ай ішіндегі өзге кірістерін растайтын құжаттардың түпнұсқалары мен көшірмелері.
7. Өтінушінің және онымен бірге тұратын отбасы мүшелерінің құжаттар тапсырылатын айға дейінгі соңғы алты ай ішіндегі зейнетақы аударымдары туралы үзінді көшірмелердің түпнұсқалары.
8. Неке қию, некені бұзу туралы куәліктің, жұбайының қайтыс болуы туралы куәлігінің (жұбайы болған жағдайда) түпнұсқасы мен көшірмелері.
9. Балалардың туу туралы куәліктерінің түпнұсқалары мен көшірмелері (балалары болған жағдайда).
10. Банктерде қарыздар бойынша міндеттемелері болған жағдайда, Өтінушінің және онымен бірге тұратын отбасы мүшелерінің банктік қарыз шарттарының түпнұсқалары мен көшірмелері, өтеу кестесі қоса беріледі (қарыздар бойынша міндеттемелері болмаған жағдайда құжаттар ұсынылмайды).

Жеке кәсіпкерлер қосымша мынадай құжаттарды тапсыруға тиіс:

  1. Өтінушіні мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің түпнұсқасы мен көшірмесі.
    12. Патент негізінде салық салынатын жағдайда, Патенттің түпнұсқасы мен көшірмесі.
    13. Құжаттар тапсырылатын айға дейінгі соңғы алты ай ішіндегі зейнетақы аударымдары туралы үзінді көшірмелердің түпнұсқалары.

 

Тұрғынжайларды бөлу үшін «ЖМҚ Менеджмент» ЖШС-ға ұсынылатын құжаттар тізбесі.
1. Өтінушінің, Қоса Өтінушінің (Қоса Өтінушілердің) және онымен бірге тұратын отбасы мүшелерінің жеке куәліктерінің түпнұсқалары мен көшірмелері.
2. Неке қию, некені бұзу туралы куәліктің, жұбайының қайтыс болуы туралы куәлігінің (жұбайы болған жағдайда) түпнұсқасы мен көшірмесі.
3. Балалардың туу туралы куәліктерінің түпнұсқалары мен көшірмелері (балалары болған жағдайда), кәмелетке толмаған балаларының ЖСН.
4. Тұрғын үй-жай  сатып алу құқығымен жалға беру тетігі арқылы бөлінген жағдайда, Өтінушінің ЖТЖС есептеуі бар Банктің ресми бланкісінің түпнұсқасы.
5. Өтінуші, Қоса Өтінуші (Қоса Өтінушілер) некеде еместігі туралы нотариалдық куәландырылған өтініш (егер Өтінуші үй-жайларды бөлуге сауалнама-өтінім беру кезінде некеде болмаса).
6. Туыстық дәрежесін растау үшін Өтінушінің кәмелетке толмаған отбасы мүшелерінің туу туралы куәлігінің түпнұсқасы мен көшірмесі.
7. Бастапқы жарна сомасын енгізу ниетін растау үшін Өтінушінің және оның отбасы мүшелерінің қаражаты бар екені туралы ЕДБ анықтамасының түпнұсқасы.
8. Өтінушінің құжаттарды тапсыруға берген сенімхатының түпнұсқасы (қажет болған жағдайда).

 

ЖТЖС есебін, банктің ресми бланкіде қол қойылған АНЫҚТАМАСЫН және қалған құжаттарды белгіленген мерзімде сату кеңсесінің менеджеріне ұсыну қажет.    

 

 

Біздің серіктестер