Пресс-орталығы

Cауалнама

"Аймақтарды дамыту-2020" бағдарламасына қатысуға дайынсыз ба?
  • Иə, егер мемлекет кепілдеме берсе...
  • Иə, егер өткізілетін пəтер бағасы нарық бағасынан төмен болса
  • Иə, егер құрылыс сапасы жағынан кем түспеса
  • Жоқ, тұрғын үй несиесін алмауды жөн көрем

Жаңалықтар

24.11.2016

Ақтөбе қаласында «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қорының басшысы «Юнис Сити»ТК жалгерлерімен кездесті

А.ж. қарашаның 19 күні «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қорының Маркетинг және даму жөніндегі басқарушы директоры – Басқарма мүшесі Т.Н. Қалдыбаев  (Ақтөбе қ.) «Юнис Сити»ТК пәтерлерінің жалгерлерімен кездесті. 

Кездесу барысында сатып алу құқығымен жалға алу шарты бойынша салық  салу, ТКШ қызметтерінің сапасын көтеру, жалгерлердің қоғамдық кеңесін сайлау, сонымен қатар «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қорының жалгерлермен өзара әрекеттесу мәселелеріне қатысты проблемалық сұрақтары талқыланды. 

 «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қорының басқарушы директоры Тимур Қалдыбаевтың айтуы бойынша «Юнис Сити» ТК меншік иелерінің бүгінгі күні тұрғын кешенін басқарудың сапасы мен тиімділігін әділетті бағалау мүмкіндігі жоқ, өйткені не қызмет көрсетуші компаниясы, не басқару ұйымы аталған кешенді дамыту жөнінде кешенді Жоспарын бермеген.   2016 жылдан «ФН Менеджмент» ЖШС 100%-дық еншілес компаниясы болып табылмайды, және өз қызметін екі рольде атқаруда. Біріншіден, тұрғын кешеніне қызмет көрсету барысын ұйымдастыратын басқарушы ұйымы сияқты. Екіншіден, жалға төлем және жалгерлермен өзара әрекет ету мониторингін жүргізетін, сенімгерлік басқарушы ұйымы сияқты. Аталмыш тұрғын кешенін дамыту бойынша нақты іс-шара болмағаны, жалпы жұмыс және өзара әрекеттесу тиімділігін төмендетеді. 

Кездесулер нәтижелері бойынша, жалгерлермен әрдайым өзара әрекеттесуді қамтамасыз ету және коммуникациялар деңгейін көтеру мақсатында, «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры мынадай ұсыныстар енгізді:

  1. Тұрғын кешенін дамыту және қызмет сапасын дамыту Жоспарының орындалуына қоғамдық бақылау жүйесін құру.
  2. Жиналыспен бастамашы жалгерлері сайланған жалгерлердің қоғамдық кеңесінің құрамы белгіленсін.
  3. Проблемалық сұрақтарды жедел шешу және өзара әрекеттесу үшін жалгерлердің чаты ашылсын.
  4. КСК үшін есеп беру мерзімі белгіленсін. 

Кездесудің аяқталуында, жалгерлермен сайланған жаңа жалгерлердің қоғамдық кеңесі арқылы «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры мен жалгерлердің өзара әрекеттесу тиімділігін көтеру жөнінде өздерінің тілектері айтылған.

Біздің серіктестер