Жаңалықтар

24.11.2016

«Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры желісі бойынша жалдамалы тұрғын үйге салық төмендетілді

«Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ тұрғын үйді сатып алу құқығымен жалға алу шарттары бойынша мүлікке салық салуды қайта қарастыру туралы бастамасы, Өңірлерді 2020 жылдарға дейін дамыту мемлекеттік бағдарламасының қатысушылары үшін әділ төлем орнатумен аяқталды.   «Осындай оңтайлы нәтиже, «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қорының, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарының, жалгерлердің және қоғамдық ұйымдарының бірлесе атқарған жұмысының арқасында  мүмкін болды», - деп  атап өтті «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ Маркетинг және даму жөніндегі басқарушы директоры – Басқарма мүшесі Тимур Қалдыбаев.

 «Өңірлерді 2020 жылдарға дейін дамыту мемлекеттік бағдарламасы бойынша салынған, пәтерлердің жалгерлері үшін салық салу қойылымын төмендету туралы мәселесі, салық заңнамасындағы өзгерістермен байланысты туындады.  Нәтижесінде, сатып алу құқығы бар жалгерлері заңды тұлғалардың қойылымымен салық төлеген.  Біздің компанияның, жалгерлер алдындағы әлеуметтік жауапкершілігін ескере отыра, біз, мембағдарлама бойынша тұрғын үй құрылысы операторларының бірі сияқты, 2013 жылы Қазақстан Республикасының Салық кодексіне түзетулер енгізуге бастама жасадық.  Кодекспен сәйкес, сатып алу құқығымен жалға алу шартын жасасқан кезде жалгердің заңды тұлғасының қойылымы бойынша салық төлеу бойынша міндеттемесі туындайды, бұл пәтердің соңғы пайдаланушысы – жалгердің төлеуіне жататын, тұрғын үйдің өзіндік құнынан 1,5%. Осы орайда, «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры мембағдарламаның басқа операторы «ҚИК ИҰ» АҚ бірлесіп, Үкіметке мембағдарлама бойынша тұрғын үйді сатып алу құқығымен жалға алу шарты бойынша мүлікке салық салу қойылымын қайта қарастыру туралы ұсыныс жолдады.  2015 жылы, жеке тұлғалардың қойылымы бойынша салық салатын заңды тұлғалардың арнайы Тізімін құруға мүмкіндік берген,  Салық кодексінің бабына тиісті өзгертулері енгізілген.  Бұл өзгертулер, Өңірлерді 2020 жылдарға дейін дамыту мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде ұсынылған тек салық салу объектілеріне тигенін атап өту қажет. Өкінішке орай, Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігінің бұйрығына сәйкес, 2015 жылы «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры  аталған Тізімге кірмеді. Осылайша, салықтық қойылымдары тек «ҚИК  ИҰ» АҚ пәтер жалгерлеріне қана төмендетілді.

Сонымен қатар, аталған мәселені шешуде мақсатты бағытталған жұмыс жалғасуда болған.  «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қорының басшысы өзінің жалгерлері үшін осындай шартты жасауға жетуді өзінің парызы деп есептеді, сондықтан, Бұйрыққа «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қорын енгізу бойынша меморгандарымен көптеген келіссөздер жүргізу арқылы, бұл мәселе оңтайлы шешілді.  Келесі 2017 жылдан, Өңірлерді 2020 жылдарға дейін дамыту мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қорының  жалгерлері үшін тұрғын үйге салық қойылымы жеке тұлғаларының қойылымына дейін төмендетіледі. Осы орайда, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарына, қоғамдық ұйымдар  мүшелеріне, жалгерлерге және Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігіне белсенді қатысқаны және аталмыш мәселенің оңтайлы шешілгені үшін алғысымды білдіргім келеді», - деп атап өтті Тимур Қалдыбаев.

ҚР ҰЭМ 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 793 «Осындай бағдарламалардың қатысушысы болып табылатын  жеке тұлғасына ұзақмерзімді жалдамалы баспана шарттары бойынша өңірлерді дамыту салалық бағдарламасын іске асыру аясында берілген салық салу нысандары бойынша жеке тұлғалардың мөлшерлемесі бойынша салықты есептейтін, заңды тұлғаларының тізімін бекіту туралы» бұйрығына толықтырулар енгізу туралы сілтеме бойынша танысуға болады: 

http://economy.gov.kz/ru/ministerstvo/detail.php?ELEMENT_ID=71595&sphrase_id=14526394

Біздің серіктестер