Пресс-орталығы

Cауалнама

"Аймақтарды дамыту-2020" бағдарламасына қатысуға дайынсыз ба?
  • Иə, егер мемлекет кепілдеме берсе...
  • Иə, егер өткізілетін пəтер бағасы нарық бағасынан төмен болса
  • Иə, егер құрылыс сапасы жағынан кем түспеса
  • Жоқ, тұрғын үй несиесін алмауды жөн көрем

Жаңалықтар

14.12.2016

Жылжымайтын мүлік қорында құрылыс компанияларының өкілдерімен дөңгелек үстел өткізілді.

2016 жылғы 14 желтоқсанда «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қорында Өңірлерді 2020 жылдарға дейін дамыту және «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру жөнінде «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қорының басшылығы және құрылыс компаниялары өкілдерінің қатысуымен  дөңгелек үстелдер өткізілді

 Дөңгелек үстелдер барысында нысандардағы құрылыс сапасы және техникалық қауіпсіздігі, тұрғын үйлерді қолданысқа уақытында тапсыруды қамтамасыз ету, нысандар құрылысы кезінде компаниялар жұмысының және жауапкершілігінің тиімділігін көтеру,  нысандар құрылысына жаңа инновациялық технологияларды ендіру, нысандар құрылысындағы тәуекелдерді басқару, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекетіне қолғабыс ету, қызмет істерінің айқындылығын қамтамасыз етудің бақылауын ұйымдастыру жөніндегі негізгі мәселелері талқыланды. Және бұдан басқа, талқылаудың негізгі мәселелері  ішінде жобаларды жылжыту бойынша іс-шараларды бірлесе іске асыру және маркетингтік сату жоспарын орындаудың мониторингі жағынан құрылыс салушылармен өзара әрекеттесу мәселелері қарастырылды.

«Бүгінгі талқылауды, алдымен барлықтарыңызды Қазақстан Республикасының 25-жылдығымен құттықтаудан бастағым келеді. Осы жылдары ішінде еліміздің экономикалық, саясаттық және әлеуметтік салаларында зор өзгерістер болды.  Біз 30әлемдік лидерлерінің санына жақындап келеміз, «Казахстан-2050» стратегиясын іске асыра келіп, соңғы технологиялық шешімдерді және инновацияларды қолданумен құрылыс саласы жағынан ұлттық экономиканың негізгі секторларындағы ұстанымдарды сенімді дамытып келеміз.

 Өздеріңіз білетіндей, «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры, Қазақстан Республикасының тұрғын үй қорын дамыту және халықты сапалы баспанамен қамтамасыз ету бойынша Мемлекет басшысы және Үкіметтің қойған стратегиялық міндеттерін іске асыруда. Проблемалық нысандар құрылысын аяқтау және үлескерлердің мәселелерін шешу үшін 2009 жылы құрылып, Жылжымайтын мүлік қоры осы міндеттерді табысты орындап, жалдамалы тұрғын үйді басқару және  іске асыруда жақсы тәжірибе алды.

Қазіргі уақытта, Жылжымайтын мүлік қоры Өңірлерді 2020 жылдарға дейін дамыту және «Нұрлы жол» инфрақұрылымдық даму мемлекеттік бағдарламалары операторларының бірі болып табылады.

Бүгінгі күні, Өңірлерді 2020 жылдарға дейін дамыту мемлекеттік бағдарламасы туралы айтпақ болсақ, белгілі нәтижелерге қол жеткізілген. Бағдарламаны іске асырудан бастап қолданысқа 335, 55 мың шаршы метр баспана берілген, еліміздің 12 өңірінде тұрғын үй құрылысының 15 нысандарына (Астана, Алматы, Ақтөбе, Тараз, Қарағанды, Шымкент, Өскемен, Қызылорда, Ақтау, Атырау және Алматы облысы, Көкшетау қалаларында) қаржыландыру шарттары жасалған.

Және бұдан басқа, осы жылдан «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры 2016 жылғы 10 ақпандағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің кеңейтілген отырысында берілген Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасын орындау шеңберінде жекеменшік коммерциялық тұрғын үй құрылысы салушыларын қолдау үшін «Нұрлы жол» инфрақұрылымдық даму бағдарламасын іске асыратын операторларының бірі болып белгіленді.

Осы мерзімде, «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры 11 жобаны мақұлдаған. Келісімшарттардың жалпы сомасы 119 млрд. теңгені құрайды, құрылыс саласына 22 млрд жеке инвестициялары тартылған. оның ішінен Жылжымайтын мүлік қорының үлесі 97 млрд. теңге. Екі жыл ішінде, «Нұрлы жол» бағдарламасы шеңберінде «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры, нарыққа қатарымен 615 мың шаршы метр жылжымайтын мүлікті тұрғызуды жоспарлауда. Жалпы, мемлекеттік бағдарламалар бойынша тұрғын үй құрылысы жобаларын табысты іске асыру, азаматтар алдындағы біздің әлеуметтік жауапкершілік деңгейіне байланысты болатынын, атап өткен жөн», - деді өз сөзінде «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қорының басшысы Бауржан Мамыталиев.

Тұрғын үй құрылысының мемлекеттік бағдарламаларын іске асыру жөнінде көкейкесті мәселелерді талқылау қорытындылары бойынша, дөңгелек үстел қатысушыларымен нысандардың құрылысындағы компаниялардың жұмысының және жауапкершілігінің тиімділігін көтеру бойынша ұсыныстар жасалды, сыбайлас жемқорлыққа және басқа да құқық бұзушылыққа қарсы күрес саласында «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры және құрылыс-компаниялары арасында ынтымақтастық жөнінде Меморандумға қол қойылды.

 «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ 2009 жылы құрылған және Қазақстандағы мемлекеттік бағдарламаларының ірі девелопері және операторы болып табылады. 2016 жылдан Қор жекеменшік құрылыс салушыларын қолдау және коммерциялық баспана құрылысы бойынша «Нұрлы Жол» бағдарламасын іске асыруда.

«Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде құрылыс компаниялар өкілдерімен дөңгелек үстел

Өңірлерді 2020 жылдарға дейін дамыту мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде құрылыс компаниялар өкілдерімен дөңгелек үстел

Біздің серіктестер