Пресс-орталығы

Cауалнама

"Аймақтарды дамыту-2020" бағдарламасына қатысуға дайынсыз ба?
  • Иə, егер мемлекет кепілдеме берсе...
  • Иə, егер өткізілетін пəтер бағасы нарық бағасынан төмен болса
  • Иə, егер құрылыс сапасы жағынан кем түспеса
  • Жоқ, тұрғын үй несиесін алмауды жөн көрем

Жаңалықтар

28.12.2016

Жылдық есептердің жыл сайынғы VI конкурсының жеңімпаздары белгіленді

Алматыда «Қазақстандық қор биржасы» АҚ қолдауымен («Эксперт РА Казахстан») RAEX рейтингтік агенттігі ұйымдастырған, жылдық есептердің жыл сайынғы VI конкурсының қорытындылары шығарылды. 2016 жылы,  конкурста 137 қазақстандық компаниялары қатысты.  Ұсынылған жұмыстардың кешенді талдамасының нәтижесінде, номинанттар тізіміне 16 ұйымдары кірген.

Жеңімпаздар бес номинациялар бойынша таңдалған: «Қаржы секторындағы жылдық есебінің үздігі», Қаржы емес секторындағы жылдық есебінің үздігі», «Тұрақты даму туралы үздік есебі», «Дизайн және полиграфия» және «Үздік интерактивті жылдық есеп». Конкурс қызығушылық танытқан тараптар үшін компания ақпаратын тиімді ашуға қолғабыс көрсетуге арналған.

 «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры, жылдық есепті дайындауда өзекті трендтерді және халықаралық стандарттарды ескере отырып, «Қаржы секторындағы үздік жылдық есебі» номинациясы конкурсының жүлдегері болды.

 «Жыл сайынғы конкурста, Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қорының қатысуы жалпы компанияның өз серіктестері үшін қызметінің айқындылығын көрсетуге ұмтылысын көрсетіп тұр», - деп атап өтті марапаттау рәсімінде, «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ Алматы қ. өкілдігінің директоры Берік Сағынбеков.

  «Конкурс жеңімпаздары 2016 жылы Қазақстандағы жылдық есептер баспасының үздік тәжірибелерін көрсетті. Компаниялар-лидерлер, ақпаратты ашудың тек жоғары деңгейін ғана емес, сондай-ақ сапасын көрсетеді - бұл есеп пайдаланушыларының сұрауларына толық түрінде жауап бере алады»,- деп атап өтті жобаның ғылыми жетекшісі Василий Калабин.

Осы жылы, әлемдегі ұйымдар қызметінің қаржылық емес аспекттерін ашуға талаптарын көтеру қажеттілігі туылғанын ескере отырып, RAEX – тұрақты даму саласындағы қызметтердің нәтижелерін сапалы ашу үшін жаңа номинациясын құрған.

Жалпы, жылсайынғы конкурсты өткізу,  қазақстандық компанияларының корпоративтік есептілігінің стандарттарын көтеру мәселесінің өзектілігінің өсіп бара жатқанын дәлелдейді.  

Біздің серіктестер