Жаңалықтар

10.04.2017

Астана қ., Сембинов к., 7-үй мекенжайында орналасқан «Хан Тәңірі» ТК коммерциялық (тұрғын емес) үй-жайларын аукционды сауда-саттықтың ағылшындық әдісімен жүргізу жолымен сатып алумен жалға алу тетігі арқылы өткізудің басталуы туралы хабарландыру

№1 лот - №7 лоттардың аукционын өткізу күні:  2017 жылғы 19 сәуір

Аукционның басталу уақыты: сағат 11.00-де

Аукционды өткізу орны: Астана қ., Мәңгілік Ел д., 10, Конференц залы, 5-қабат 

Аукционға қатысушы ретінде тіркелу үшін «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ коммерциялық (тұрғын емес) үй жайларын сатып алумен жалға алу және тікелей сату жолымен өткізу бойынша аукцион жүргізу тәртібі туралы қағидалардың шарттарында реттелетін кепілдікті жарнаны келесі деректемелер бойынша төлеу қажет: «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ, Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы, 10-үй, БСН 090 340 012 961, IBAN  KZ299261501149951000, БСК KZKOKZKX, КБе 16, Астана қ.,  «Қазкоммерцбанкі» АҚ.

Кепілдікті жарна аукцион өткізілмеді деп танылған жағдайда немесе қатысушы сауда-саттықта жеңілген жағдайда қайтарылады. Қатысушы аукционда жеңген жағдайда,кепілдікті жарна үй-жайды сатып алу есебіне қосылады.

Өтінімдер қабылдаудың басталатын күні: 2017 жылғы 11 сәуір сағат 10.00-ден бастап

Өтінімдер қабылдаудың аяқталатын күні: 2017 жылғы 17 сәуір сағат 19.00-де

Үзіліс: сағат 13.00-ден бастап 15.00-ге дейін

Демалыс күндері: сенбі, жексенбі 

 Аукционға тіркелу үшін қажетті құжаттар тізімі:

  • Аукционға қатысуға өтінім;
  • Паспорт немесе жеке куәліктің көшірмесі (жеке тұлға үшін);
  • Кепілдікті жарнаның төленгенін растайтын банктің белгісі бар төлем құжатының түпнұсқасы мен көшірмесі (төлем құжатының түпнұсқасы өтінім берушіге қайтарылады);
  • Заңды тұлғалар жарғының, заңды тұлғаны тіркеу туралы куәліктің және статистикалық картаның нотариалды расталған көшірмелерін ұсынады;
  • Өкілдің өкілеттігін куәландыратын құжат  (жеке тұлғаның өкілі - нотариалды расталған сенімхатты, заңды тұлғаның өкілі – заңды тұлғаның мөрімен бекітілген сенімхатты ұсынады). 

Өтінімдерді қабылдау және қатысушыларды тіркеу талап етілетін құжаттардың толық топтамасы болған жағдайда жүзеге асырылады. Аукционға қатысуға ниеттенетін адам құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда, аукционшы құжаттарды қабылдаудан бас тартуға құқылы. 

Аукцион объектісі:

Астана қ., Сембинов к., 7-үй, «Хан Тәңірі» ТК орналасқан бастапқы әрлеудегі коммерциялық (тұрғын емес) үй-жайлар

Лот №

Үй-жайдың

Алаңы, ш.м.

ҚҚС есепке алғанда,156 айға есептелген сатып алумен жалға алудың ай сайынғы жалдау төлемінің бастапқы мөлшері, теңге

ҚҚС есепке алғанда  кепілдікті жарнаның мөлшері, теңге 

Бағаны оның ішінде ҚҚС өзгерту қадамы, теңге

Қысқаша сипаттама

№1лот

ВП-12

95,3

234 784,89

234 784,89

4 695,70

Бастапқы әрлеу

№2 лот

ВП-15

101,7

250 552,19

250 552,19

5 011,04

Бастапқы әрлеу

№3 лот

ВП-19

94,4

219 123,17

219 123,17

4 382,46

Бастапқы әрлеу

№4 лот

ВП-22

230,3

534 576,97

534 576,97

10 691,54

Бастапқы әрлеу

№5 лот

ВП-23

165,9

385 090,40

385 090,40

7 701,81

Бастапқы әрлеу

№6 лот

ВП-26

133,6

310 114,99

310 114,99

6 202,30

Бастапқы әрлеу

№7 лот

ВП-27

171,7

398 553,47

398 553,47

7 971,07

Бастапқы әрлеу

Сатып алумен жалға алу кезінде жалдау төлемінің  бастапқы мөлшерлері мынадай:

  • коммерциялық үй-жайлар үшін – 156 айға есептелген, 1 ш.м. үшін айына 2 463,64 теңгеден (ҚҚС есепке алғанда) бастап;
  • жертөле қабаттарындағы коммерциялық үй-жайлар үшін - 156 айға есептелген, 1 ш.м. үшін айына 2 321,22 теңгеден (ҚҚС есепке алғанда) бастап;

Коммерциялық (тұрғын емес) үй-жайларды беру тәртібі мен шарттары 2010 жылғы 12 желтоқсандағы «Самұрық-Қазына»  жылжымайтын мүлік қоры» АҚ тұрғын  және коммерциялық (тұрғын емес) үй-жайларын өткізу қағидаларымен және  2010 жылғы 27 сәуірдегі №27 «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ тұрғын және коммерциялық (тұрғын емес) үй-жайларын сатып алумен жалға алу және тікелей сату жолымен өткізу бойынша аукцион жүргізу тәртібі туралы қағидалармен (Директорлар кеңесінің 2 қыркүйектегі №109 шешімімен бекітілген өзгерістермен) реттеледі.

Толық ақпаратты Активтерді өткізу және мониторингтеу департаментінің 8(7172) 55 90 04 телефоны арқылы алуға болады.

Біздің серіктестер