Жаңалықтар

14.04.2017

Өскемен қаласы Әкімдігінің кезегінде тұрған тұлғалардың 1-ТИП, 2-ТИП, 3-ТИП-тегі пәтерлерді қарап таңдауы мерзімі туралы

«Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы                        28 маусымдағы №728 қаулысына, Өскемен қаласы Әкімдігінің хаттары негізінде, Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы бойынша «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ Тұрғын және коммерциялық (тұрғын емес) үй-жайларын, сондай-ақ машина орындарын өткізу тәртібін басшылыққа ала отырып, төменде көрсетілген  пәтерлерді қарап таңдау кестесіне сәйкес Өскемен қаласының ТК сатып алумен жалға алу жолымен  тұрғын үй алуға үміткерлер ретіндегі ЖАО кезегінде тұрған тұлғалардың пәтерлерді қарап таңдауы мерзімі туралы жариялайды. 

Сатып алумен жалға алу 

р/с

 

Пәтерлердің типі

Сатып алумен жалға алынатын пәтерлер саны

Пәтерлер-ді қарап таңдау күні

Пәтерлерді қарап таңдау уақыты

Пәтерлерді таңдаудың ақырғы мерзімі

1

1-ТИП

16

20.04.2017 жылы

cағат 12:00-ден  14:00 -ге дейін

21.04.2017 жылы

сағат 17:00-ге дейін

2

2-ТИП

19

cағат 14:00-ден 16:00-ге дейін

3

3-ТИП

6

cағат 16:00-ден 17:00-ге дейін

Кезекте тұрған тұлғаларға кестеде белгіленген КҮНІ мен УАҚЫТТЫ қатаң түрде сақтай отырып,  Өскемен қаласы, Карл Маркс көшесі, 46-үй (76-позиция, 4-блок),                     5-пәтер мекенжайына келу қажет. 

Өздерімен бірге мынадай құжаттар болуы тиіс:

  1. жеке куәліктің түпнұсқасы
  2. сенімхаттың түпнұсқасы (бас Өтінім беруші болмаған жағдайда)
  3. сенімгерлік тұлғаның жеке куәлігінің көшірмесі (сенімхат негізінде болса) 

Назар аударыңыз! Кесте бойынша келмеген адамдар өз кезегінен айырылады. 

       Кезекте тұрған тұлғалар жарияланған пәтерлерді таңдау кестесінде белгіленген кезектілік пен уақытқа сәйкес тұрғын үй-жайды өтініш беру арқылы таңдауы немесе тұрғын үй-жайды таңдаудан жазбаша түрде бас тартуы тиіс. Кезекте тұрған тұлға көрсетілген уақытта келмеген жағдайда, оның пәтерлерді қарап таңдау кезегі жойылады және оның таңдау құқығы кезектілік бойынша келесі Кезекте тұрған адамдарға беріледі, олар тез арада  өтініш беру арқылы тұрғын үй-жайды таңдаулары тиіс немесе тұрғын үй-жайды таңдаудан жазбаша түрде бас тартуы тиіс.

       Тұрғын үй-жайды таңдау кезектілігі Өскемен қаласы Әкімдігінің Тұрғын үй комиссиясы бекіткен кезектілікке сәйкес беріледі.

       Кестеде көрсетілген мерзім ішінде таңдамаған Кезекте тұрған тұлғалар артықшылықтан айырылады, алайда олар пәтерлерді таңдау мерзімі аяқталғанға дейін, жүгінуіне қарай, осы типтегі пәтерлер бойынша қалған пәтерлерді таңдауға құқылы.

Біздің серіктестер