8-800-8000-111

Барлық мәселелер бойынша
Call-орталыққа жүгінуге болады

Жаңалықтар

17.04.2017

Қарағанды қаласы «Жанұя» ТК-дегі 19 пәтерді интернет арқылы өткізу басталғаны туралы

«Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ (бұдан әрі –Жылжымайтын мүлік қоры) Қазақстан Республикасы Үкіметінің                             2016 жылғы 31 желтоқсандағы № 922 қаулысымен бекітілген «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасына (бұдан бұрын «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы және "Нұрлы жол" инфрақұрылымды дамытудың мемлекеттік бағдарламасы), сондай-ақ «Қарағанды қаласының Тұрғын үй қатынастары бөлімі» ММ                             14.03.2017 жылғы шығыс №259 хатына сәйкес Қарағанды қаласында орналасқан 19 пәтерді сатып алу құқығымен жалға беру арқылы өткізу басталғаны туралы жариялайды: 

Пәтердің типі

Бөлмелер саны

Типі бойынша ең үлкен алаңы, ш.м.

15 жылға есептелген ең жоғары ай сайынғы жалдау төлемі

Пәтерлердің жалпы саны

1

3-тип

2

78,24

110 593

4

2

4-тип

2

84,48

119 413

6

3

5-тип

3

90,89

128 474

1

4

6-тип

3

97,06

137 195

8

Барлығы:                                                                                        19

* Сатып алумен жалға алу шарты қысқа мерзімге (5, 7 немесе 10 жылға) жасалған жағдайда, жалға алу төлемі және кепілді төлем ұлғайту жағына қайта есептеледі.

Тұрғын  үйді сатып алу құқығымен жалға алу тетігі арқылы сатып алудың негізгі критерийлері 

  • Қарағанды қаласында соңғы 36 (отыз алты) ай ішінде  жылжымайтын мүлікпен жасалған мәмілелердің немесе тұрғын үй жағдайын жақсартудың болмауы, яғни  осы қалада отбасының әрбір мүшесіне 18 шаршы метрден келетін тұрғын үйдің болуы;
  • ай сайынғы жалдау төлемдерін төлеуге мүмкіндік беретін төлем қабілеттілігінің жеткілікті деңгейі. Төлем қабілеттілігін fnsk.kz сайтында орналасқан калькулятор арқылы алдын ала есептеуге болады.
  • бұдан бұрын Өтінім беруші Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 маусымдағы №728 қаулысы шеңберінде Жылжымайтын мүлік қоры, «Қазақстан ипотекалық компаниясы» АҚ және «ҚР тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ шарттары бойынша «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі» бағдарламасына қатыспаған.

Пәтерлерді сатып алуға өтінімдер www.fnsk.kz веб-сайты арқылы қабылданады.

Пәтерлерді сатып алуға мүдделі тұлғаларға www.fnsk.kz веб-сайтында тіркелу қажет. Аталған рәсімді өтінімдер қабылдау басталғанға дейін өткізу керек. Сайтта тіркелу үшін электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) бар болуы қажет. Тіркеу жөніндегі нұсқаулықпен www.fnsk.kz сайтында танысуға болады.

Өтінімдер қабылдау басталатын күні мен уақыты:                                2017 жылғы  17 мамыр, сағат 10.00-де (Астана уақытымен).

Өтінімдер қабылдау аяқталатын күні мен уақыты:                             2017 жылғы 31 мамыр, сағат 10.00-де (Астана уақытымен).

Өтінімдер қабылдау басталатын белгіленген мерзімде барлық тіркелген тұтынушылар пәтерді сатып алумен жалға алу арқылы сатып алуға өтінімдерді бір мезгілде жіберу мүмкіндігіне ие болады. Кезектілік электрондық өтінім қабылданған уақыты бойынша автоматты түрде қалыптасады. Бұл ретте өтінім пәтердің белгілі бір типіне беріледі. Өтінім іс жүзінде берілгеннен кейін пәтердің таңдалған типін өзгертуге мүмкіндік болмайды.  

Жалпы ақпарат

Тұрғын үй пәтерлерінің жайғасымымен және үйдің орналасқан жерімен www.fnsk.kz сайтында немесе 8 (7172) 91-90-70 телефон арқылы толығымен танысуға болады.

Біздің серіктестер