8-800-8000-111

Барлық мәселелер бойынша
Call-орталыққа жүгінуге болады

Жаңалықтар

02.05.2017

«Жанұя» ТК тұрғын үй-жайларын қарап таңдау және Соңғы кезектіліктің Өтінім берушілерімен Сатып алу құқығымен жалға алу шартына қол қою мерзімі туралы

«Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ  «Нұрлы жер»  тұрғын үй құрылысы бағдарламасын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 31 желтоқсандағы қаулысына (бұдан бұрын Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы) сәйкес, «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы бойынша Тұрғын және коммерциялық (тұрғын емес) үй-жайларын, сондай-ақ машина орындарын өткізу тәртібін басшылыққа ала отырып, Қарағанды қаласының «Жанұя» ТК тұрғын үй-жайларын сатып алу құқығымен жалға алу жолымен сатып алуға үміткерлер ретінде тіркелген Соңғы кезектіліктің Өтінім берушілерінің  төменде көрсетілген пәтерлерді қарап таңдау кестесіне сәйкес тұрғын үй-жайларды  қарап таңдауы және одан әрі  Сатып алу құқығымен жалға алу шартына қол қою мерзімі туралы жариялайды.  

1)    Тұрғын үй-жайларды  қарап таңдау кестесі: 

р/с

Өтінім берушінің Т.А.Ә.

Пәтер

дің түрі

Бөлме саны

Күні

Уақыты

Пәтерді таңдау аяқталуының соңғы уақыты

1

ТИЛЬМАШЕВ ТИМУР БЕЙБУТОВИЧ

4

Екі бөлмелі

10.05.2017 ж.

Сағат 15:00-де

11.05.2017 жылғы

сағат 18:00-ге дейін

 

2

КАСКАТАЕВ БАХТИЯР ЕРСАИНУЛЫ

5

Үш бөлмелі

3

ОВСИЕНКО АЛЕКСЕЙ СЕРГЕЕВИЧ

5

Үш бөлмелі

4

МУНТАЕВ НУРЖАН АМАНГЕЛЬДЫЕВИЧ

5

Үш бөлмелі

5

КУСАИНОВА ЖАНАР ТАЛГАТОВНА

6

Үш бөлмелі

6

ШАЙМЕРДЕНОВ АКНИЕТ АХАТОВИЧ

6

Үш бөлмелі

 Өтінім берушілерге «Жанұя» ТК-ға (Қарағанды қаласы, Шахтерлар даңғылы, 23-үй, №1 блок-секция, 4-пәтер)  кестеде көрсетілген УАҚЫТЫ мен КҮНІН ҚАТАҢ ТҮРДЕ сақтай отырып келу керек. 

Өзімен бірге мынадай құжаттар болуы тиіс:

  1. жеке куәліктің түпнұсқасы;
  2. сенімхаттың түпнұсқасы (негізгі Өтінім беруші болмаған жағдайда);
  3. сенім жүктелген тұлғаның жеке куәлігінің көшірмесі (сенімхат негізінде болса); 

Назар аударыңыздар! Кесте бойынша келмеген адамдар өз кезектілігінен айырылады. 

       Өтінім берушілер пәтерлерді таңдау үшін жарияланған кестеде белгіленген кезектілікке және уақытқа сәйкес тұрғын үй-жайды өтініш беру арқылы таңдауы немесе тұрғын үй-жайды таңдаудан жазбаша түрде бас тартуы тиіс. Өтінім беруші көрсетілген уақытта келмеген жағдайда, Өтінім берушінің пәтерлерді қарап таңдау кезектілігі жойылады және оның таңдау құқығы кезек бойынша келесі Өтінім берушілерге беріледі. Олар, өз кезегінде, тез арада тұрғын үй-жайды өтініш беру арқылы таңдауы немесе тұрғын үй-жайды таңдаудан жазбаша түрде бас тартуы міндетті.

       Тұрғын үй-жайларды таңдау кезектілігі Тұрғын үй комиссиясы бекіткен Өтінім берушілердің Соңғы кезектілігіне сәйкес беріледі.

       Кестеде көрсетілген мерзім ішінде тұрғын үй-жайды таңдамаған Өтінім берушілер артықшылықтан айырылады, алайда олар пәтерлерді таңдаудың түпкілікті мерзіміне дейін, жүгінуіне қарай, пәтерлердің осы түрі бойынша қалған пәтерлерді таңдауға құқылы. 

2)    Тұрғын үй-жайларды сатып алу құқығымен жалға алу шартына қол қою кестесі

№ п.п.

Өтінім берушінің Т.А.Ә.

Пәтер

дің түрі

Бөлме саны

Күні

Уақыты

1

ТИЛЬМАШЕВ ТИМУР БЕЙБУТОВИЧ

4

Екі бөлмелі

11.05.2017 ж.

Сағат 13:40-та

2

КАСКАТАЕВ БАХТИЯР ЕРСАИНУЛЫ

5

Үш бөлмелі

Сағат 14:20-да

3

ОВСИЕНКО АЛЕКСЕЙ СЕРГЕЕВИЧ

5

Үш бөлмелі

Сағат 15:00-де

4

МУНТАЕВ НУРЖАН АМАНГЕЛЬДЫЕВИЧ

5

Үш бөлмелі

Сағат 15:40-та

5

КУСАИНОВА ЖАНАР ТАЛГАТОВНА

6

Үш бөлмелі

Сағат 16:20-да

6

ШАЙМЕРДЕНОВ АКНИЕТ АХАТОВИЧ

6

Үш бөлмелі

Сағат 17:00-де

 Сатып алу құқығымен жалға алу шартын жасау үшін  Сізге көрсетілген күні мен уақытында Шартты жасауға нотариалдық расталған келісім беру үшін жұбайыңызбен (күйеуіңізбен) және ЖЖТ есептеген кезде кірістері мен шығындары есепке алынған барлық отбасы мүшелерімен бірге офиске келу қажет. Сіз болмаған жағдайда, Сізге сенім жүктелген тұлғаға нотариалдық расталған сенімхат (нысаны қоса беріледі) және  пәтерді тікелей сату немесе сатып алу құқығымен жалға алу жолымен сатып алу сәтіне некеде тұрмағаны туралы өтінішті (нысаны қоса беріледі) беру керек. Жұбайыңыз (күйеуіңіз) болмаған жағдайда, нотариалды расталған келісім өтініш (нысаны қоса беріледі) беру қажет. 

Өзімен бірге мынадай құжаттар болуы тиіс:

  • Өтінім берушінің және ЖЖТ есептеген кезде кірістері мен шығындары есепке алынған тең өтінім берушілердің жеке куәліктернің түпнұсқалары;
  • Өтінім берушінің және ЖЖТ есептеген кезде кірістері мен шығындары есепке алынған тең өтінім берушілердің неке қию туралы куәліктерінің түпнұсқалары;
  • Шартты жасау бойынша көрсетілетін қызметтерді төлеу үшін 28 000 теңге мөлшерінде ақша қаражаты (шартты, өтінішті  растағаны үшін нотариус қызметтеріне және мемлекеттік бажды төлеу үшін);
  • Үш жылға Мүлікті (тұрғын үй-жайды) сақтандыру шартын жасау үшін келесі көлемде ақшалай қаражат болуы тиіс:

4-ҮЛГІ бойынша – 53 500 теңге;

5-ҮЛГІ бойынша – 57 500 теңге;

6-ҮЛГІ бойынша – 61 200 теңге;

Нотариалды расталған Сатып алу құқығымен жалға алу шарты жасалғаннан кейін компания менеджері мыналарды: 

  1. ағымдағы айдың бірінші жалдау төлемін;
  2. келесі айдың жалдау төлемін;
  3. 3 жалдау төлемі мөлшеріндегі кепілдікті төлемді;
  4. бастапқы жарнаны (болған жағдайда);
  5. Мүлікті сақтандыру шартына төлеу үшін түбіртекті береді: 

Назар аударыңыздар! Түбіртекте көрсетілген сомаларды тұрғын үй-жайды сатып алу құқығымен жалға алу шарты жасалғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде төлеу қажет. 

Сізге Шартты уәкілетті органда тіркегеннен кейін  «ФН Менеджмент» ЖШС-дан Шарттың Сізге тиесілі данасын алу қажет.

Шарт бойынша жалдау төлемдерін әр айдың 20-сынан кешіктірмей  төлеу қажет. Мысалы, 2017 жылдың маусым айының жалдау төлемін 2017 жылдың 20 мамырынан кешіктірмей,  2017 жылдың шілде айының жалдау төлемін 2017 жылдың 20 маусымынан кешіктірмей төлеу қажет. 

Назар аударыңыздар!  Тұрғын үй-жайлар бірінші жалдау төлемі, келесі айдың жалдау төлемі, кепілдікті төлем және бастапқы жарна (бар болған жағдайда) төленгені туралы түбіртектер ұсынылған, сондай-ақ Тұрғын үй-жайды сақтандыру шарты болған кезде ғана беріледі.

Сонымен қатар өзімен бірге жеке куәлік болуы тиіс. 

Сұрақтар туындаған жағдайда 8 (7172) 91-90-70 телефон арқылы немесе sale@fnsk.kz интернет мекенжайы бойынша мамандарға жүгінуге болады.

Біздің серіктестер