Жаңалықтар

05.05.2017

Жылжымайтын мүлік қорында Отан қорғаушылар күніне арналған салтанатты іс-шара өткізілді

«Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қорында Отан қорғаушылар күні қарсаңында мерекелі іс-шара өткізілді. Ұжымның ару қыздары жігіттерге арнап жасаған бағдарламада қазақстандық және шетел әншілердің әндерін, билерді орындады, флеш-моб, қызықты скетч пен сайыстар өткізілді.

Биыл Қазақстан Республикасының Қарулы күштеріне – 25 жыл. Қарулы күштерде қызмет атқару - әрбір азаматтың құрметті міндетіне, аға буынымыздың батырлық және жауынгерлік дәстүрлеріне негізделген өнегелі патриоттық мектебіне айналды.

Әдеттегідей, астанадағы «Қазақ елі» алаңында Отан қорғаушылар күніне қазақстандық әскери қызметшілердің кәсіби шеберлігі, отандық қорғаныс-өнеркәсібі кешенінің кәсіпорындары өндіретін әскери техниканың, қару-жарақ және байланыс құралдарының жаңа үлгілері көрсетіліп, Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің әскери шеруі өткізіледі.

Біздің серіктестер