8-800-8000-111

Барлық мәселелер бойынша
Call-орталыққа жүгінуге болады

Жаңалықтар

29.06.2017

«Асыл Арман» тұрғын алабындағы тұрғын үй-жайларды қайта өткізу туралы

«Менеджмент ФН» ЖШС Жалгерлердің тұрғын үй-жайлардан өз еркімен  бас тартуына байланысты, Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы бойынша «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ Тұрғын және коммерциялық (тұрғын емес) үй-жайларын, сондай-ақ машина орындарын өткізу тәртібінің 4.5-бөліміне және Тұрғын үй-жайды сатып алу құқығымен жалға алу шартының 10.7-тармағына  сәйкес «Асыл Арман» тұрғын алабындағы тұрғын үй-жайларды сатып алу құқығымен жалға беру тетігі арқылы қайта өткізу туралы жариялайды.

«Асыл Арман» тұрғын алабы келесі мекенжайда орналасқан: Алматы облысы, Қарасай ауданы, Іргелі ауыл округі, Іргелі ауылы.

Өткізілетін пәтерлердің сипаттамасы

Бөлме саны бойынша пәтер түрі

Үй

Пәтер №

 

Пәтердің алаңы (ш.м.)  

 

Қабат  

Ай сайынғы жалдау төлемі (теңгемен)  

екі бөлмелі

19

182

60,2

5

97 036,84

үш бөлмелі

3

115

68,1

6

109 761,52

екі бөлмелі

5

182

59,9

5

96 545,00

үш бөлмелі

14

31

67,2

4

108 310,92

бір бөлмелі

21

20

40,9

3

65 927,02

бір бөлмелі

14

84

40,6

2

65 437,85

екі бөлмелі

16

29

56,0

4

90 259,10

үш бөлмелі  

2

235

68,5

3

110 406,22

екі бөлмелі

10

254

59,9

8

96 545,00

бір бөлмелі

14

1

40,7

1

65 599,03

 

Қазақстан Республикасының барлық санаттағы азаматтары үшін пәтерлерді сатып алуға өтінімдер www.fnsk.kz веб-сайты арқылы қабылданады. Өтінімдер  қабылдауды бастауға белгіленген мерзімде барлық тіркелген тұтынушылар  пәтерлерді сатып алуға өтінімдерін жіберу мүмкіндігін бір мезгілде алады. Кезектілік электрондық өтінімді қабылдау уақыты бойынша автоматты түрде қалыптастырылады. Уақыт  бойынша бұрын берілген өтінімге басымдық беріледі, оған сәйкес Өтінім беруші «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы бойынша Тұрғын және коммерциялық (тұрғын емес) үй-жайларды, сондай-ақ машина орындарын өткізу тәртібінде көзделген  құжаттарды «Менеджмент ФН» ЖШС-ға ұсынуға міндетті.

*Мүлікті ұстау үшін төлем (коммуналдық және пайдалану қызметтеріне, күрделі жөндеуге, мүлікті сақтандыруға, мүлікке салық төлеумен байланысты Жылжымайтын мүлік қорының шығындарын өтеуге ақша қоры) жалдау төлеміне кірмейді және оны Жалға алушы шартқа қол қойылған күнінен бастап өзі төлейді.

Өтінімдер қабылдаудың басталатын күні – 2017 жылғы 03 шіллде сағат 10.00-де

Өтінімдер қабылдаудың аяқталатын күні -  2017 жылғы 03 шіллде сағат 17.00-де

Тұрғын үй-жайларды сатып алу шарттары

Бөлме саны бойынша пәтер түрі

Үй

Пәтер  

Алғы Жалға алушыға өтеуге жататын соманы төлеу. Жалдау төлемдері, теңгемен

Алғы Жалға алушыға өтеуге жататын соманы төлеу.  Алғашқы салым, теңгемен

Кепілдік төлем, теңгемен

екі бөлмелі

19

182

2 027 740,30

0

291 111

үш бөлмелі

3

115

3 590 920,33

0

329 285

екі бөлмелі

5

182

3 166 020,05

0

289 635

үш бөлмелі

14

31

 2 271 729,56

0

324 933

бір бөлмелі

21

20

 1 365 721,59

0

197 781

бір бөлмелі

14

84

1 362 354,20

0

196 314

екі бөлмелі

16

29

2 029 296,63

0

270 777

үш бөлмелі  

2

235

2 754 447,66

0

331 219

екі бөлмелі

10

254

3 116 107,65

0

289 635

бір бөлмелі

14

1

 1 364 014,12

0

196 797

 

*Кепілдік төлем  мерзімі өткен жалдау төлемі, мерзімі өткен жалдау төлемі үшін өсімпұл және  мүлікке салынған салық бойынша берешектер болмаған жағдайда, алғы Жалға алушыға өтеледі. Мерзімі өткен жалдау төлемі, мерзімі өткен жалдау төлемі үшін өсімпұл және  мүлікке салынған салық бойынша берешектер  болған жағдайда, сома Кепілдік төлемнің жалпы мөлшерінен ұсталынады.

Жалға алушыда мерзімі өткен жалдау төлемі, мерзімі өткен жалдау төлемі үшін өсімпұл және  мүлікке салынған салық бойынша берешектер  болмаған жағдайда, Кепілдік төлемнің мөлшері Жалға алушының жазбаша өтініші негізінде тұрғын үй-жайды сатып алу құқығымен жалға алу шартының талаптарына сәйкес жаңа Жалға алушының атына аударылуы мүмкін.

Сатып алу құқығымен жалға алу шарты бойынша құқықтар мен міндеттер құқықты басқа тұлғаға беру шартын жасау жолымен жаңа Жалға алушыға толық көлемде беріледі, бұл ретте жалға алу мерзімі 15 жылды құрайды және негізгі шарт жасалған сәттен бастап есептеледі. 

Өтінім берушінің ЖЖТ мөлшері  ай сайынғы жалдау төлеміне тең немесе одан асуы тиіс.

Құжаттарды тапсыру құқығына ие болған Өтінішм беруші «Самұрық-Қазына жылжымайтын мүлік қоры» АҚ Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы бойынша Тұрғын және коммерциялық (тұрғын емес) үй-жайларын, сондай-ақ машина орындарын өткізу тәртібінде көрсетілген өлшемшарттарға сәйкес келмеген,  жарияланған мерзімде құжаттарын тапсырмаған немесе Өтінімнің күшін жоюға әкелетін әрекет жасаған/жасамаған жағдайда, оның кезегі кезек бойынша тұрған келесі өтініш берушіге ауысады.

Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы бойынша осы тұрғын үй-жайларды сатып алуға қызығушылық танытқан барлық тұлғаларға www.fnsk.kz веб-сайтында тіркелу қажет. Аталған рәсімді өтінімдер қабылдау басталғанға дейін өткізу ұсынылады. Сайтта тіркелу үшін электрондық цифрлық қолтаңбаның бар болуы тиіс. Тіркеу жөніндегі нұсқаулықты www.fnsk.kz сайтында табуға болады.

Барлық мәселелер бойынша Алматы қаласында 8(7272)22-06-82 немесе Астана қаласында 8(7172)91-90-70 телефондар арқылы немесе Алматы қаласы, Абылай хан көшесі, 34-үй, Мәметов көшесінің қиылысы, №303 кеңсе,                              3-қабатта орналасқан «Менеджмент ФН» ЖШС кеңсесіне жүгінуге болады.

«Менеджмент ФН» ЖШС жұмыс кестесі: дүйсенбі-жұма сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін (үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін). Демалыс күндері: сенбі-жексенбі

Біздің серіктестер