8-800-8000-111

Барлық мәселелер бойынша
Call-орталыққа жүгінуге болады

Жаңалықтар

10.07.2017

Өскемен қаласы І. Есенберлин даңғылы мекенжайында орналасқан коммерциялық үй-жайлары бар көп пәтерлі тұрғын үй кешеніндегі пәтерлерді интернет арқылы қайта өткізу бойынша конкурсты болдырмау туралы

«Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ тұтынушылардың басым бөлігінің өтінімдер беру жүйесіне қолжетімділігі шектеулі болуына байланысты, Өскемен қаласы І. Есенберлин даңғылы мекенжайында (№76/1, 76/2 тұрғын үйлер) орналасқан коммерциялық үй-жайлары бар көп пәтерлі тұрғын үй кешеніндегі пәтерлерді қайта өткізу бойынша 2017 жылғы 10 шілдедегі конкурс өткізілмеді деп танылғанын хабарлайды.

 

«Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ 2017 жылғы 10 шілдеде сағат 10.00-18.00 аралығында өтінімдер берген Өтінім берушілерге берілген өтінімдердің күші жойылғанын қосымша хабарлайды.

 

Қазіргі уақытта техникалық кемшіліктер жойылды.

Конкурс 2017 жылдың 14 шілдесінде сағат 10.00-де өткізіледі.

 

Өтінімдер қабылдау басталатын күні мен уақыты: 2017 жылғы 14 шілде сағат 10.00-де (Астана уақытымен).

 Өтінімдер қабылдау аяқталатын күні мен уақыты: 2017 жылғы 10 тамыз сағат 10.00-де (Астана уақытымен).

 

Конкурс туралы толық ақпарат «Өскемен қаласы І. Есенберлин даңғылы мекенжайында орналасқан коммерциялық үй-жайлары бар көп пәтерлі тұрғын үй кешеніндегі пәтерлерді интернет арқылы қайта өткізу басталғаны туралы» 2017 жылғы 09 маусымдағы  хабарландыруда жарияланды.

Біздің серіктестер