8-800-8000-111

Барлық мәселелер бойынша
Call-орталыққа жүгінуге болады

Жаңалықтар

14.09.2017

Алматы қаласында «Хан Тәңірі» ТҮК-те сатып алу құқығымен жалға алу/тікелей сату тетіктері арқылы коммерциялық (тұрғын үй емес) бөлмежайларды еркін сатудың басталуы туралы

«Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ Алматы қаласы, Мұстафин көш., 54/... үй мекенжайы бойынша орналасқан «Хан Тәңірі» ТҮК-те сатып алу құқығымен жалға алу/тікелей сату тетіктері арқылы коммерциялық (тұрғын үй емес) бөлмежайлардың еркін сатылатынын хабарлайды, (қоса берілетін кестеге сәйкес) таза алдындағы әрлеу.

 Назар аударыңыздар!

 Өтініш берушілерден Алматы қаласындағы «Хан Тәңірі» ТҮК-те сатып алу құқығымен жалға алу/тікелей сату тетіктері арқылы коммерциялық бөлмежайларды сатып алуға өтінім-сауалнамалары төменде көрсетілген мекенжай бойынша 2017 жылғы 12 қыркүйектен бастап қолма-қол қабылданатын болады:

«Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ Алматы қаласындағы өкілдігі, Алматы қаласы, Алатау ауданы, Ташкент көш., 481В үй («Эталон» тұрғын үй кешені).

 Ескертпе:

  1. Жоғарыда аталған бөлмежайларды сатып алуға өтінім-сауалнаманың нысаны қоса беріледі.
  2. Қол қойылмаған өтінім-сауалнамалар ескерілмейді.
  3. Кеңсе қызметкерінен қол қою арқылы тапсырылған өтінім-сауалнаманың күнін және уақытын бекітуді талап етулеріңізді сұраймыз.

 

Аталған бөлмежайларды сатып алуға өтінімдер Қазақстан Республикасы азаматтарының барлық санаттарынан қабылданады.

 * Аталған бөлмежайларды сатып алу құқығымен жалға беру жағдайында мынаны хабарлаймыз, мүлікті күтіп-ұстау (пайдалану қызметтері, Жылжымайтын мүлік қорының мүлік салығын төлеумен байланысты шығындарын өтеу) үшін төлем жалға алу төлемінің құрылымына кірмейді және Шартқа қол қойылған күннен бастап Жалға алушымен дербес төленеді.

 

Консультациялар алу және аталған бөлме-жайларды көрсету мәселелері бойынша 8 (727) 2449233(ішкі203)телефоны бойынша «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ Алматы қаласындағы өкілдігіне хабарласуларыңызды сұраймыз

Жұмыс кестесі Дүй-Жұм: 09:00-ден 18:30-ға дейін (үзіліс: 13:00-ден 14:30-ға дейін).
Сенбі-Жексенді: демалыс.

Назар аударыңыздар: бөлмежайлар саны шектеулі

Өтінім беру

Біздің серіктестер