8-800-8000-111

Барлық мәселелер бойынша
Call-орталыққа жүгінуге болады

Жаңалықтар

27.09.2017

«ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫНДА ЖАППАСБАЙ БАТЫР КӨШЕСІНДЕГІ 170-ПӘТЕРЛІК ТҰРҒЫН ҮЙ КЕШЕНІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ» ТК ПӘТЕРЛЕРІН ИНТЕРНЕТ АРҚЫЛЫ ӨТКІЗУДІҢ БАСТАЛУЫ ТУРАЛЫ

«Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ (бұдан әрі-Жылжымайтын мүлік қоры) Қызылорда қ. Әкімдігінде сатып алу құқығымен тұрғын үйді алуға кезектілікте тұрғандардың арасында қажеттіліктің болмауына байланысты, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы                     31 желтоқсандағы №922 қаулысымен бекітілген (бұдан бұрын «Өңірлерді дамытудың 2020 дейінгі бағдарламасы») «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасына (бұдан әрі - Бағдарлама), сондай-ақ «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасы бойынша «Самұрық-Қазына жылжымайтын мүлік қоры» АҚ Тұрғын және коммерциялық (тұрғын емес) үй-жайларын, сондай-ақ машина орындарын өткізу тәртібіне сәйкес Қызылорда қ., Жаппасбай батыр көшесі, 76 мекенжайында орналасқан тұрғын үй-жайларды (пәтерлерді) Қызылорда қаласында үй-жайлары жоқ немесе үй жағдайын жақсартуға мұқтаж адамдарға сатып алу құқығымен жалға беру жолымен өткізудің басталуы туралы жариялайды.

 

р/с  

пәтердің үлгісі

Үлгісі бойынша ең үлкен алаңы (ш.м.)

Бөлмелер саны

Пәтерлер саны

Үлгісі бойынша ай сайынғы жалдау төлемінің ең жоғары бағасы – 15 жылға, айына теңге

1

 №1 ҮЛГІ

53,84

2

6

                       81 551,99

2

 №2 ҮЛГІ

60,74

2

75

                       92 003,49

3

 №3 ҮЛГІ

67,42

3

5

                     102 121,75

4

  №4 ҮЛГІ

73,39

3

46

                     111 164,57

5

  №5 ҮЛГІ

80,32

3

4

                     121 661,51

 

*Сатып алу құқығымен жалға беру шарты қысқа мерзімге (5, 7 немесе 10 жылға) жасалған жағдайда, жалдау төлемі көбейту жағына қайта есептеледі.

 

Тұрғын  үйді сатып алу құқығымен жалға алу тетігі арқылы сатып алудың негізгі өлшемшарттары

 

  • үй-жайдың және/немесе Қызылорда қаласында соңғы 36 (отыз алты) ай ішінде жылжымайтын мүлікпен жасалған, немесе тұрғын үй жағдайын жақсарту бойынша мәмілелердің болмауы, яғни осы қалада отбасының әрбір мүшесіне 18 шаршы метрден кем бөлінген тұрғын үй-жайдың болуы;
  • ай сайынғы жалдау төлемдерін төлеуге мүмкіндік беретін төлем қабілеттілігінің жеткілікті деңгейі. Төлем қабілеттілігін fnsk.kz сайтында орналасқан калькулятор арқылы алдын ала есептеуге болады.
  • бұдан бұрын Өтінім беруші Бағдарлама шеңберінде Жылжымайтын мүлік қоры, «Қазақстан ипотекалық компаниясы» АҚ және «ҚР тұрғын үй құрылысы жинақ банкі» АҚ шарттары бойынша «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасына қатыспаған.

Пәтерлерді сатып алуға өтінімдер www.fnsk.kz веб-сайты арқылы қабылданады. Пәтерлерді сатып алуға мүдделі тұлғаларға www.fnsk.kz веб-сайтында тіркелу қажет. Аталған рәсімді өтінімдер қабылдау басталғанға дейін өткізу керек. Сайтта тіркелу үшін электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) бар болуы қажет. Тіркеу жөніндегі нұсқаулықпен www.fnsk.kz сайтында танысуға болады.

Өтінімдер қабылдау басталатын күні мен уақыты:                                2017 жылғы  27 қазан, сағат 10.00-де (Астана уақытымен).

Өтінімдер қабылдау аяқталатын күні мен уақыты:                             2017 жылғы 10 қараша, сағат 10.00-де (Астана уақытымен).

Өтінімдер қабылдау басталатын белгіленген мерзімде барлық тіркелген тұтынушылар пәтерді сатып алумен жалға алу арқылы сатып алуға өтінімдерді бір мезгілде жіберу мүмкіндігіне ие болады. Кезектілік электрондық өтінім қабылданған уақыты бойынша автоматты түрде қалыптасады. Бұл ретте өтінім пәтердің белгілі бір үлгісіне беріледі. Өтінім іс жүзінде берілгеннен кейін пәтердің таңдалған типін өзгертуге мүмкіндік болмайды.  

Жалпы ақпарат

 «Қызылорда қаласында Жаппасбай батыр көшесіндегі 170-пәтерлі тұрғын үй кешенінің құрылысы» ТК Қызылорда қ., Жаппасбай батыр көшесі, 76 мекенжайында орналасқан. Тұрғын үйдің сыныбы –эконом, қабаттылығы-5.

«Қызылорда қаласында Жаппасбай батыр көшесіндегі 170-пәтерлі тұрғын үй кешенінің құрылысы» тұрғын үй пәтерлерінің жайғасымымен және үйдің орналасқан жерімен www.fnsk.kz сайтында немесе 8 (7172) 91-90-70 телефон арқылы жан-жақты танысуға болады.

Біздің серіктестер