8-800-8000-111

Барлық мәселелер бойынша
Call-орталыққа жүгінуге болады

Жаңалықтар

16.11.2017

Өмірзақ Шөкеев «Самұрық-Қазына» компаниялар тобындағы жас қызметкерлермен кездесті

2017 жылғы 15 қарашада Астана қаласында «Самұрық-Қазына» АҚ (бұдан әрі – Қор) жанындағы Жастар сараптамалық-консультативтік кеңесі (бұдан әрі – ЖСКК) аясында Қордың басқарма төрағасы Өмірзақ Шөкеев Компаниялар тобындағы жас қызметкерлермен – желілік жетекшілер және өндірістегі жұмысшылармен кездесті.

«Қордың компаниялар тобында ұжымның үштен бір бөлігін 25-тен 34 жасқа дейінгі жастар құрайды. Қызметкерлердің дәл осы санаты ерекше құлшыныспен еңбек етіп, дамуға талпынады, және өсудің жаңа мүмкіндіктерін пайдалануға әрдайым әзір. Соңғы сауалнамаға сәйкес, олардың 90% компанияның барынша жоғары нәтижелерге жетуіне елеулі үлес қосуға дайын», - деп атап өтті кездесуді ашқан Өмірзақ Шөкеев. Қор басшысы «Самұрық-Қазына» АҚ қоржындық компанияларында білікті жас мамандардың күшімен сандық кен орындарын енгізу тәрізді технологиялық тұрғыдан өте күрделі өндірістік жобалар жүзеге асырылып жатқанын алға тартты.

Кездесу Елбасының тапсырмасымен 2013 жылдың қарашасында іске қосылған «Тау-Кен Алтын» аффинажды зауытында өтті.  Кәсіпорын ашылғаннан бергі 3 жыл 10 айда 44 тонна алтын өндірілді және сатылды. Кіріс көлемі 4 млрд теңгеден асты. Кәсіпорын қалыпталған өлшеуіш (инвестициялық) құймаларды шығаруды, «Good Delivery» сапа белгісіне ие болуды, жеке зергерлік өндірісті дамытуды жоспарлап отыр. 

ЖСКК қатысушылары Қазақстандағы мұнай-химия саласының дамуын кеңінен талқылады. Дүниежүзіліктің банктің мәліметтеріне сәйкес, әлемдік мұнай-химия нарығы 1 трлн АҚШ долларына бағаланады. Мұнай-химияның сабақтас салаларға мультипликативті әсері жоғары. Мұнай-химиядағы бір жұмыс орны сабақтас салаларда 7,2 дейін жұмыс орнын құрады. Мұнай-химия саласына жұмсалған 1 АҚШ доллары ел экономикасы үшін 2,3 доллар әкеледі. «KPI Inc.» ЖШС басқарма төрағасы Ғабит Закария атап өткендей, Атыраудағы ҰИМХТ АЭА осы айда Интеграцияланған газ-химия кешенінің бірінші кезеңі бойынша құрылыс басталады. Полипропилен шығаруға бағытталған жобаның құны 2,6 млрд АҚШ долларына бағаланады. Жобаның жүзеге асырылу мерзімі – 42 ай. Полипропилен электроника және электр құрал-жабдықтарын құрастыруда, құрылыс материалдарын дайындауда, машина жасау, медицина және тағы басқа салаларда қолданылады.

 «Самұрық-Қазына» басшылығы тұрақты түрде компаниялар тобының қоржындық компанияларындағы жас көшбасшылармен кездеседі. Бұл ретте «Самұрық-Қазына» АҚ жанынан құрылған Жастар сараптамалық-консультативтік кеңесі ішкі және сараптамалық коммуникацияларды дамытуға, қызметкерлерді стратегиялық жобаларды жүзеге асыруға тартуға бағытталған алаңға айналып отыр.

 

 

https://sk.kz/kz/press-centre/news/36688/

Біздің серіктестер