8-800-8000-111

Барлық мәселелер бойынша
Call-орталыққа жүгінуге болады

Пресс-орталығы

Опрос

Жаңалықтар

25.12.2017

ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫНДА ЖАҢА 2018 ЖЫЛ МЕРЕКЕСІН ҚАРСАҢЫНДА ПӘТЕРЛЕРДІҢ КІЛТТЕРІН САЛТАНАТТЫ ТАБЫС ЕТУ РӘСІМІ ӨТКІЗІЛДІ

2017 жылғы 25 желтоқсанда Қызылорда қаласы Е.Демесинов көшесінде «Жалға берілетін тұрғын үй» бағыты бойынша  «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде салынған жаңа тұрғын үйлердің тұрғындарына  кілттер табыс етілді

 

Салтанатты рәсімге Қызылорда облысының әкімі Қ.Көшербаев, Қызылорда қаласының әкімі Н.Налибаев, «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ Маркетинг жөніндегі басқарушы директор – Басқарма мүшесі Т. Қалдыбаев қатысты.

 

 

Т. Қалдыбаев тұрғындарды жаңа пәтерлерге көшумен құттықтау сөзінде жоба жеті ай ішінде салынғанын атап өтті. «Бұл көпжылдық тәжірибесі мен жеке меншік өндірістік базасы бар құрылыс салушы «Бақ-Береке 2030» ЖШС, Қызылорда облысы және Қызылорда қаласы әкімдіктерінің үлкен еңбегі. Олардың  қолдауы болмаса, тұрғын үй құрылысы айрықша қысқа мерзім ішінде іске асырылмас еді» - деп айтты.

2017 жылы Қызылорда қаласында «Жалға берілетін тұрғын үй» бағыты бойынша «Нұрлы жер» бағдарламасы шеңберінде «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ жеке құрылыс салушылармен бірлесіп, 28 726,9 шаршы метрден астам тұрғын үйді пайдалануға берді. Бүгін бұл үйлер өз есігін ашып,  бақытты иеленушілерін күтуде.

 

 

 

Бастапқы жарнасыз, төлем қабілеттігін растаған кез келген қазақстандық отбасының Қызылорда қаласының перспективалы аудандарының бірінде пәтерді сатып алу құқығымен жалға алуға мүмкіндігі бар.

 Қазіргі таңда сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үй Қазақстан азаматтары үшін баспананы сатып алудың неғұрлым қолжетімді және талап етілетін тетіктердің бірі болып табылады.

 

Біздің серіктестер