8-800-8000-111

Барлық мәселелер бойынша
Call-орталыққа жүгінуге болады

Пресс-орталығы

Опрос

Жаңалықтар

20.10.2017

«Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қорында сыбайлас жемқорлықтың және алаяқтықтың алдын алу, оларға қарсы іс-қимыл жөнінде кездесу өткізілді

Қазақстан Республикасы Елбасының 2017 жылғы 31 қаңтардағы «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» жолдауында институционалдық өзгерістер, қауіпсіздік және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мемлекет дамуының негізгі басымдықтары болып белгіленді.

«Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы мемлекет саясатын қолдай отырып, ағымдағы жылғы                           20 қазанда Қоғам қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет, сыбайлас жемқорлық пен алаяқтықтың алдын алу, оларға қарсы іс-қимыл мәселелері жөнінде түсіндіру жұмысын жүргізді.

Кездесу барысында «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры Қауіпсіздік қызметінің бас менеджері С. Рамазанов «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының  2015 жылғы 18 қарашадағы                     № 410-V Заңының, «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ Директорлар кеңесі бекіткен Бастамашылықпен ақпарат беру саясатының және «Нұр Отан» ХДП 2015-2020 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасының басты ережелерімен таныстырды.

Атап айтқанда, Қоғам қызметкерлерінің мәліметіне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру салаларындағы қоғамдық қарым-қатынастарды реттейтін Заң баптары, құқық бұзушылық субъектілері, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың арнайы шаралары, оларды сақтау бойынша бақылау тетіктері жеткізілді, құқық бұзушылықтар орын алған жағдайда қолданылатын нақты санкциялар келтірілді.

Қосымша, белсенді азаматтық позицияны қалыптастыру және "Самұрық-Қазына" АҚ портфельдік компаниялары қызметкерлерінің арасында сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті арттыру мақсатында қызу желі құрылған. Мінез-құлық кодексінің талаптарын бұзушылықтар, соның ішінде сыбайлас жемқорлық, алаяқтық, әдепсіз қылықтар, кемсіту фактілері туралы 8 800 080 19 94 номеріне хабарлауға немесе sk.hotline@deloitte.kz. электрондық поштаға жазуға болады. Өтініштердің құпиялығын сақтауға кепілдік беріледі.

Бұдан басқа «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ сыбайлас жемқорлыққа және өзге де құқық бұзушылықтарға қарсы іс-қимыл саласында ынтымақтасу туралы құрылыс компанияларымен жасалған меморандумға қол қойды.

Қорытып айтқанда, «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және болдырмау бойынша барлық шаралар қабылдайтынын, сондай-ақ Қоғам қызметкерлері арасында теріс қылықтардың алдын алу бойынша тұрақты түрде мақсатты жұмыс жүргізетінін атап өту керек.

Біздің серіктестер