8-800-8000-111

Барлық мәселелер бойынша
Call-орталыққа жүгінуге болады

Жаңалықтар

14.02.2018

ТКШ Қазорталығы мен «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

2018 жылғы 13 ақпанда «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы" АҚ («ТКШ Қазорталығы») мен «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ өзара ынтымақтасу туралы меморандумға қол қойды.

 Тараптар арасындағы ынтымақтастықты «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ  қатысуымен өткізілетін көп пәтерлі тұрғын үй-жайларды тиімді басқару және ұстау мәселелерінде нығайту меморандумның мақсаты болып табылады.

Меморандумға сәйкес тараптар МЖӘ жобаларын іске асыруда және тұрғын ғимараттарды энергиямен жабдықтау және олардың энергиялық тиімділігі, инфрақұрылымдық тұрғын үй кешеніне бірыңғай ақпараттық жүйені ендіру, сондай-ақ кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізуге қаражат жинау тетігін сынақтан өткізу бөлігінде сүйемелдеуде ынтымақтастықты жүзеге асыруға ниет білдіріп отыр.

«ТКШ Қазорталығы» АҚ Басқарма төрағасы Нұрсұлтан Жиенбаевтың айтуынша, сондай жобалардың іске асырылуы көп пәтерлі тұрғын үйлерді кәсіптік басқару және ұстау салаларын дамытуға мүмкіндік береді, бұл, өз кезегінде, тұрғындар үшін қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік туғызады. Жалпы алғанда, аталған іс-шаралар тұрғын үй қатынастарының ашықтығын қамтамасыз етеді және еліміздің тұрғын үй қорының инвестициялық тартымдылығын арттырады.

ТКШ жаңғыртудың және дамытудың оңтайлы үлгісін белгілеу және осы салаға инновациялық технологияларды енгізу «ТКШ Қазорталығы» АҚ қызмет бағыттарының бірі болып табылатынын еске сала кетейік. Қазіргі уақытта компания Қазақстан Республикасында пайдалану үшін тұрғын үй қорын басқарудың әлемдік тәжірибесін зерделеуде.

«Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ жалға берілетін тұрғын үйлердің айтарлықтай пулын басқарып отыр және ол «ТКШ Қазорталығы» АҚ бірлесіп, көр пәтерлі тұрғын үйлерді басқару жүйесінің тиімділігін арттыру, инфрақұрылым объектілеріне заманауи технологияларды енгізу, тұрғын үй ғимараттарының энергия тиімділігін арттыру бойынша іс-шараларды іске асыру мәселелері жөнінде екіжақты өзара пайдалы әріптестікті дамытуға ниетті. Бұл үшін компанияларда барлық қажетті мүмкіндіктер мен ресурстар бар»,- деді «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ Басқарма төрағасы Арман Жетпісбай.

2017 жылғы қараша айында «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ бизнес пен адами капиталдың мобильділігі үшін заманауи және жайлы жағдайлар жасауды қамтитын 2018-2027 жылдарға арналған жаңа даму стратегиясын бекіткенін атап өту жөн.

 

Анықтама үшін:

«Тұрғын үй коммуналдық-шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» акционерлік қоғамы («ТКШ Қазорталығы» АҚ) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту және дамыту бойынша мемлекеттік саясатты іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың тапсырмасы бойынша 2009 жылы құрылды. Компания қызметінің негізгі бағыттары ТКШ инвестициялық тартымдылығын арттыру, талдамалық және ғылыми зерттеулер жүргізу, ТКШ саласында инновациялық технологиялар мен заманауи басқару әдістерін енгізу болып табылады.

«Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ жылжымайтын мүлік нарығындағы проблемаларды шешу мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің қаулысына сәйкес 2009 жылы құрылыды.

2018 жылдан бастап «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ дағдарысқа қарсы бағдарламадан және тұрғын үй құрылысының мемлекеттік бағдарламасының операторынан қызметі отандық экономиканың әлеуетін дамытуға, бизнесті дамыту үшін жағдай жасауға,  халық пен адами капиталдың мобильділігін, логистиканы және Қазақстанның аумақтық дамуын қолдауға бағытталған  тиімділігі жоғары компанияға сапалы көшуді жүзеге асырып жатыр.

Біздің серіктестер