8-800-8000-111

Барлық мәселелер бойынша
Call-орталыққа жүгінуге болады

Жаңалықтар

16.05.2018

Қызылорда қ. Демесинов қөшесі бойынша сатып алу құқығымен жалға беру тетігі арқылы пәтерлерді алуға ЖАО-да есепте тұрған кезектегі адамдардан құжаттарды қабылдау мерзімі

«Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ (бұдан әрі  - Жылжымайтын мүлік қоры) «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 31 желтоқсандағы № 922 қаулысына сәйкес, сондай-ақ «Қызылорда қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлiмi» ММ 30.03.2018 жылғы хаты негізінде пәтерлерді Демесинов қөшесі бойынша сатып алу құқығымен жалға беру тетігі арқылы алуға ЖАО-да есепте тұрған кезектегі адамдардан (Қызылорда қаласы Әкімдігінде кезекте тұрған адамдар) құжаттарды қабылдау мерзімі туралы жариялайды.

 

Назар аударыңыздар!!!

 

Құжаттар хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзіміне дейін «СҚМ Менеджмент» ЖШС-ға ұсынылмаған жағдайда, аталған ақпарат Тұрғын үй комиссиясының шешім қабылдауы үшін  «Қызылорда қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлiмi» ММ-ге жолданатын болады.

Осыған байланысты, Жылжымайтын мүлік қоры ЖАО-да есепте тұрған кезектегі адамдар «СҚМ Менеджмент» ЖШС-ға құжаттарын тапсыру (төменде орналасқан тізімдерге сәйкес) қажеттілігі туралы жариялайды:

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 2018 жылғы 18 маусымға дейін (қоса алғанада).

Құжаттарды қабылдау  мекенжайлары:

  1. Қызылорда қ., Жахаев к., 114-үй, 2-қабат;
  2. Астана қ., Мәңгілік Ел, 19/2-үй, №2 офис.

Құжаттарды қабылдау уақыты: сағат 10.00-ден бастап 18.30-ға дейін

Үзіліс: сағат 13.00-ден бастап 14.30-ға дейін

Демалыс күндері: сенбі, жексенбі

 

Сатып алу құқығымен жалға беру бойынша тұрғын үй-жайларды бөлу үшін «СҚМ Менеджмент» ЖШС-ға ұсынылатын құжаттар тізбесі:

  1. Өтінім берушінің, Тең өтінім берушінің (-лердің) және ЖЖТ есептеген кезде көрсетілген оның отбасы мүшелерінің жеке куәліктерінің түпнұсқалары мен көшірмелері.
  2. Неке қию, некені бұзу, зайыбының/жұбайының (зайыбы/жұбайы бар болған жағдайда) қайтыс болғаны туралы куәліктің тұпнұсқасы мен көшірмесі;
  3. Балалардың (балалары болған жағдайда) туу туралы куәліктерінің тұпнұсқалары мен көшірмелері, балалардың ЖСН;
  4. Тіркеуші органның (ХҚКО) Кезекте тұрған адамның және онымен бірге тұратын отбасы мүшелеріне, соның ішінде кәмелетке толмаған балаларына* жеке тұрғын үй-жайдың және Қазақстан Республикасы бойынша тұрғын үй-жайлармен жасалған мәмілелердің жоқ екендігі туралы анықтаманың түпнұсқасы ұсынылуы тиіс. Тіркеуші органның жеке тұрғын үй-жайдың жоқ екендігі туралы анықтаманың берілген күні  05.2018 жылдан бұрын болмауы тиіс.
  5. Өтінім берушінің ЖЖТ есебі (ЖЖТ қолданылу мерзімі 12 айдан аспауы тиіс) көрсетілген Банктің ресми бланкінің түпнұсқасы.
  6. Өтінім берушінің және тең Өтінім берушінің некеге тұрмағаны туралы нотариалды расталған өтініштері (Өтінім беруші үй-жайларды бөлуге өтінім-сауалнама берген сәтте некеге тұрмаған болса);
  7. Туыстық дәрежені растау үшін Өтінім берушінің кәмелетке толған отбасы мүшелерінің туылғаны туралы куәліктердің түпнұсқалары мен көшірмелері;
  8. ЕДБ-ден алғашқы салым салу ниетін растау үшін (алғашқы салым салынатын жағдайда) Өтінім беруші мен отбасы мүшелерінің ақшалай қаражаты бар екендігі туралы анықтаманың тұпнұсқасы;
  9. Өтінім берушіден құжаттарды ұсынуға сенімхаттың түпнұсқасы (қажет болған жағдайда).

Ескертпе: осы қосымшаның 1,2,3,7-тармақтарында көрсетілген құжаттардың түпнұсқалары, олар құжат көшірмесімен салыстырғаннан кейін, Өтінім берушіге қайтарылады. 

Өтінім берушінің атынан үшінші тұлға әрекет жасайтын болса, осы қосымшаның 9-тармағында көрсетілген сенімхат ұсынылады.

 

Негізгі шарттар: «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республика Үкіметінің  2016 жылғы 31 желтоқсандағы  № 922 қаулысына сәйкес «Самұрық-Қазына жылжымайтын мүлік қоры» АҚ  мынадай:

  • Ай сайынғы жалдау төлемін төлеу үшін төлеу қабілеттілігі жеткіліксіз болған жағдайда;
  • Сатып алу құқығымен жалға алу шартын жасау үшін қажетті сома (кепілдік төлем, бірінші жалдау төлемі, бар болған жағдайда, алғашқы салым) төленбеген жағдайда;
  • Құжаттарды қабылдауға белгіленген мерзімінде талап етілген құжаттар ұсынылмаған жағдайда, жеке тұлғаға ЖАО пулынан тұрғын үйді бөлуден бас тартуға құқылы.

Барлық сұрақтар бойынша 8 (7172)91-90-70 телефонына, сондай-ақ sale@fnsk.kz интернет мекенжайына жүгінуге болады:

Біздің серіктестер