8-800-8000-111

Барлық мәселелер бойынша
Call-орталыққа жүгінуге болады

Тұрғын кешені туралы

Өскемен қ. І. Есенберлин даңғылы бойынша ТК

Жобаның бастамашысы (құрылыс салушы) – «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» ЖШС

Бас жобалаушы - «Сибакадемпроект» ЖШС

Бас мердігер – «ВК техногрупп» ЖШС

Тұрғын үйдің класы - III (эконом)

Қабаттылығы - 9

СҚЖМҚ пәтерлерінің саны – 658

СҚЖМҚ пәтерлерінің алаңы – 39 337,67 ш.м.

№76/3, 76/4, 76/5, 76/6, 76/7, 76/8, 76/9 тұрғын үйлер - 2015 жылғы желтоқсан айында, №76/1, 76/2 тұрғын үйлер –  2016 жылғы қазан айында пайдалануға берілген.

Өскемен қ., І.Есенберлин  даңғылы, 19-тұрғын ауданында коммерциялық үй-жайлары бар көп пәтерлі тұрғын үйлер құрылысы

Көп пәтерлі тұрғын үйлер тек қана 1, 2, 3-бөлмелі пәтерлер санымен ерекшеленетін үлгілік блок-секциялардан жобаланған.

Үлгілік блок-секцияның ауқымдық-жоспарлау шешімі учаскенің қала құрылысы, композициялық, функционалдық, технологиялық, құрылымдық және ландшафтық сипаттамалары, оның бағдарлануы және ғимараттың көлемі сәулет-көркемдік қабылдау талаптарын ескеріле отырып әзірленген.

Тоғыз қабатты блок-секциялардың шатыр асты, лифттің машина бөлмесі, жоспарда тік бұрышты техникалық үй асты бар. Әрбір секция белдік бойынша (1-6 – А-Ж) 27,94 х 16,7 м, 30,39 х 16,7 м, 30,39 – 16,91 м, 27,97 х 16,61 м; тұрғын қабаттардың төбе биіктігі 3 метр;

техникалық еденасты-2,36 м.; шатыр асты – 2,14 м. Сәулет - жоспарлау шешімі секцияны әртүрлі бұғаттауды көздейді. Жеке ғимараттар конфигурациясы біркелгі, пәтерлер құрамымен ерекшеленетін екі блок-секциямен біріктірілген.

-   №76/2; 76/3; 76/4; 76/5; 76/6; 76/7; 76/8; 76/9 үйлердің бір блок-секциясы

-   №76/1 үйлердің екі блок-секциясы.

Әрбір секцияда жүк көтергіштігі 630 кг лифт қарастырылған.

Кіреберіс екі тамбурдан тұрады.

МАТЕРИАЛДАР

Ғимараттың немесе құрылыстың элементтері Әрлеу түрі, материал
1 Қабырғалар Полистиролбетоннан жасалған UTC панельді қабырғалар, атмосфераға төзімді сырмен сырланған. Кейіннен т/б монолит қаңқаның жылытылған жерлерін сәндік сылақпен қаптап, қатты жылытқыш бойынша шыны торы бар сылақпен тегістеледі.
2 Төле Кликерлік тақтайша
3 Кіреберіс пен пандустардың бүйірлік жақтары Кликерлік тақтайша
4 Балкон төбелері Тегістегіш, атмосфераға төзімді сырмен сырланады
5 Терезелер, бакон есіктері, витраждар Металл пластиктен жасалған, үш қабатты, қос қабатты және бір қабатты әйнектеледі
6 Құйылыс тесіктер, желдету шахталарының шатырлары Полимерлі жабындысы бар мырышпен қапталған болат
7 Лоджия, кіреберіс, пандустар, шатыр қоршауларының болаттан жасалған тұтқалары ХВ-1100 эмалі
8 Лоджиялардың бөлгіш қалқалары Фасадтық майлы бояумен 2 рет сырланады

 АРТЫҚШЫЛЫҚТАР

  • пәтерді тартымды көрсететін тек қана заманауи материалдар қолданылады
  • Учаске аумағы абаттандырылады және көгалдандырылады
  • Өтетін жолдардың, жаяужолдардың, шаруашылық алаңдар төсеніштерінің асфальтбетон жабындысы бар
  • Учаске аумағында тұрғын үйлердің бірінші қабаттарында әлеуметтік-тұрмыстық объектілер орналасады.
  • Пәтерлердің жайғасымы эргономды, қолайлы. Қайта жоспарлау мүмкіндігі бар.
  • Құрылыстың кешенділігі, тұру қолайлығының деңгейі .
  • Әлеуметтік, көліктік және инженерлік инфрақұрылымының бар болуы

Біздің серіктестер