8-800-8000-111

Барлық мәселелер бойынша
Call-орталыққа жүгінуге болады

«Коммерциялық тұрғын үй» бағыты бойынша

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 31 желтоқсандағы №922 қаулысына сәйкес «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасы бекітілді, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 6 сәуірдегі №1030 Жарғысымен бекітілген Инфрақұрылымды дамытудың 2015 - 2019 жылдарға арналған "Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасының «Азаматтардың тұрғын үйлерге қолжетімділігін арттыру» кіші бөлімі толығымен  алынып тасталды.

Бұл ретте, тұрғын үй нысандарын салу тетіктері, сондай-ақ    жаңа «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасының Жылжымайтын мүлік қорының «Коммерциялық тұрғын үй» бағыты бойынша тұрғын үй құрылысы жобаларына қойылатын талаптар Инфрақұрылымды дамытудың 2015 - 2019 жылдарға арналған "Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде бұрын белгіленген талаптарды қайталайтынын атап өту жөн.

Үстіміздегі жылдың 10 ақпанында Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы қалыптасқан экономикалық жағдайды есептей отыра, жеке меншік құрылыс салушыларын қолдау бағдарламасы арқылы экономиканың құрылыс секторын нығайтуды тапсырды.  Бұл мақсаттарға «Самұрық Қазына» АҚ 97 млрд. теңге бөлінді.

Аталған қаражат халық арасында сұранысқа кепілді ие болған баспана құрылысы жобаларына жолданатын болады.  Бұл тек құрылыс секторын ғана белсендетіп қоймай, құрылыс салушылары ақшалай қаражаттың жылдам қайтарылуын қамтамасыз етеді, олар Қормен жинақталып және жаңа жобаларды қолдауға бағытталатын болады. Мұндай құрылыс секторын қолдау жүйесі, қолданыстағы жұмыс орындарын сақтап қалуға мүмкіндік береді, жаңа орындар құрып, және экономикалық дағдарыс салдарының алдын алуға мүмкіндік жасайды.

«Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ 2009-2011 жж. дағдарысқа қарсы бағдарламасын табысты іске асырған тәжірибесі бар, ол тәжірибесі бүгінгі күні басқа мемлекеттік бағдарламалар операторларымен белсенді қолданылуда.

Бір ізге салынған тәжірибені ескере отырып, келесі жаңа қадамдық тетік әзірленді:

  1. «Самұрық-Қазына» АҚ мемлекеттік бағдарламасы аясында алынған 97 млрд. теңге сомасындағы қаражат Жылжымайтын мүлік қорына құрылыс жобаларын қаржыландыруға мүмкіндік береді. 
  2. Жылжымайтын мүлік қоры тұрғын үй құрылысын мемлекеттік – жекешелік әріптестігі міндетінде салушымен ұйымдастырады. Құрылыс салушыға жобадағы тұрғын үйдің барлық пулы құрылысты қаржыландыру сәтінен бастап 24 айдан аспайтын мерзімге еркін нарықта іске асыру құқығы беріледі.
  3. Құрылыс салушы тұрғын үйді өткізуден алған қаражатты Жылжымайтын мүлік қорының арнайы шотына жолдайды, ол жоба құрылысы аяқталуы бойынша құрылыс салушы міндеттерін бұзған жағдайда, сатып алушылардың дайын пәтер алуын немесе азаматтардың ақшалай қаражатын қайтаруға кепіл болады. Еркін нарықта Салушымен өткізілмеген тұрғын үй тікелей сату механизмі арқылы халыққа өткізу және ақшалай қаражатты қайтару үшін 20 % дисконтпен Жылжымайтын мүлік қорына беріледі.

Активтерді іске асыру ережелерімен, сондай-ақ тұрғын үй құрылысы жобаларын іріктеу және қарастыру ережелерімен жекеменшік құрылыс салушыларын қолдау механизмдері аясында Жылжымайтын мүлік қорының www.fnsk.kz сайтында танысуға болады.

«Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы бағдарламасында бекітілген «Коммерциялық тұрғын үй» бағыты бойынша шарттарға сәйкес  1 шаршы метр пәтердің өзіндік құрылыс құны Астана, Алматы қалаларында және олардың қала маңында, Ақтау, Атырау қалаларында 240 мың теңгеден, ал еліміздің басқа өңірлерінде 200 мың теңгеден аспауы тиіс.

Ағымдық жылы бағдарламасы аясында тұрғын үй құрылысының жаңа жобаларын Астана, Алматы, Қарағанды, Шымкент, Қызылорда, Өскемен қалаларында іске асыру жоспарлануда – бұл жалпы алаңы 412 мың шаршы метрден астам шамасымен 7 мың пәтер.

Біздің серіктестер