8-800-8000-111

Барлық мәселелер бойынша
Call-орталыққа жүгінуге болады

Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы туралы

2012 жылдан «Самұрық – Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасының тұрғын үй  құрылысы операторларының бірі болып табылады.   Бағдарламаны іске асыру аясында «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ еліміздің 10 өңірінде тұрғын үй құрылысының 13 объектісі бойынша қаржыландыру шарттарын жасасты (Астана, Алматы, Ақтөбе, Тараз, Қарағанды, Шымкент, Өскемен, Қызылорда, Атырау қалаларында  және Алматы облысында).

13 объект бойынша инвестициялар сомасы 80,8 млрд.теңге құрады, оның ішінде жеке меншік инвестициялар үлесі 25% құрайды. Жылжымайтын мүлік қорының міндеттемесі - 62,7 млдр. теңге. Тұрғынжайлардың жалпы алаңы - 639 мыңнан астам шаршы метр, Жылжымайтын мүлік қорының үлесі - 435,6 мың шаршы метр.

Жалпы 9485 пәтер салу көзделген, оның ішінде 80% немесе 7 507 пәтер Жылжымайтын мүлік қорына, 1978 пәтер құрылыс салушыларға тиесілі.

Тұрғын үйді өткізу  Жылжымайтын мүлік қорының Өткізу ережелері мен тәртібіне сәйкес жүргізіледі. Өткізудің негізгі механизмдері – тікелей сату және кейін сатып алумен жалға алу.

Сатып алу құқығымен жалдау арқылы Бағдарламаны іске асыру сәтінен өткізілген тұрғынжай – 199,3 мың ш.м. немесе 3907 пәтер, тікелей сату арқылы18 мың ш.м. немесе 353 пәтер. Аталған механизм бойынша пәтерлер 15 жылға дейінгі мерзімге сатып алу құқығымен жалға беріледі.

Ай сайынғы жалдау төлемінің мөлшері 1 шаршы метр үшін Астана қаласы мен Алматы қаламаңында – 1612 теңге, Өскемен мен Қарағанды қалаларында – 1414 теңге.

Жалға төлемнің осы мөлшері сатып алумен жалға алудың барлық мерзіміне бекітілген болып табылады, және ұлттық валютасының девальвация жағдайында да көбейтілуі қарастырылмайды.

2016 жылы біз 103,8 мың шаршы метр пайдалануға беріліп, 94,2 мың ш.м. баспана (1 463 пәтер) өткізіледі деп күтудеміз.

Біздің серіктестер