«Нұрлы Жол» бағдарламасы туралы

2016 жылдан «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ инфрақұрылымдық даму «Нұрлы Жол» бағдарламасын іске асыратын операторларының бірі болып белгіленген.

 Үстіміздегі жылдың 10 ақпанында Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы қалыптасқан экономикалық жағдайды есептей отыра, жеке меншік құрылыс салушыларын қолдау бағдарламасы арқылы экономиканың құрылыс секторын нығайтуды тапсырды.  Бұл мақсаттарға «Самұрық Қазына» АҚ 97 млрд. теңге бөлінді.

Аталған қаражат халық арасында сұранысқа кепілді ие болған баспана құрылысы жобаларына жолданатын болады.  Бұл тек құрылыс секторын ғана белсендетіп қоймай, құрылыс салушылары ақшалай қаражаттың жылдам қайтарылуын қамтамасыз етеді, олар Қормен жинақталып және жаңа жобаларды қолдауға бағытталатын болады. Мұндай құрылыс секторын қолдау жүйесі, қолданыстағы жұмыс орындарын сақтап қалуға мүмкіндік береді, жаңа орындар құрып, және экономикалық дағдарыс салдарының алдын алуға мүмкіндік жасайды.

«Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ 2009-2011 жж. дағдарысқа қарсы бағдарламасын табысты іске асырған тәжірибесі бар, ол тәжірибесі бүгінгі күні басқа мемлекеттік бағдарламалар операторларымен белсенді қолданылуда.

Жиналған тәжірибені есептей отыра, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен ағымдағы жылдың 11 мамырында бекітілген «Инфрақұрылымдық даму «Нұрлы Жол» мемлекеттік бағдарламасына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» келесі жаңа механизмі әзірленген:

  1.  «Самұрық-Қазына» АҚ мемлекеттік бағдарламасы аясында алынған 97 млрд. теңге сомасындағы қаражат Жылжымайтын мүлік қорына құрылыс жобаларын қаржыландыруға мүмкіндік береді.  Қарызға алынған қаражат 2 жылдық мерзімімен қайтарылу міндеттемелерімен 10 жылдық мерзімге бөлінеді.
  2. Жылжымайтын мүлік қоры тұрғын үй құрылысын мемлекеттік – жекешелік әріптестігі міндетінде салушымен ұйымдастырады. Құрылыс салушыға жобадағы тұрғын үйдің барлық пулы құрылысты қаржыландыру сәтінен бастап 24 айдан аспайтын мерзімге еркін нарықта іске асыру құқығы беріледі.
  3. Құрылыс салушы тұрғын үйді өткізуден алған қаражатты Жылжымайтын мүлік қорының арнайы шотына жолдайды, ол жоба құрылысы аяқталуы бойынша құрылыс салушы міндеттерін бұзған жағдайда, сатып алушылардың дайын пәтер алуын немесе азаматтардың ақшалай қаражатын қайтаруға кепіл болады. Еркін нарықта Салушымен өткізілмеген тұрғын үй тікелей сату механизмі арқылы халыққа өткізу және ақшалай қаражатты қайтару үшін 20 % дисконтпен Жылжымайтын мүлік қорына беріледі.

Активтерді іске асыру ережелерімен, сондай-ақ тұрғын үй құрылысы жобаларын іріктеу және қарастыру ережелерімен жекеменшік құрылыс салушыларын қолдау механизмдері аясында Жылжымайтын мүлік қорының www.fnsk.kz сайтында танысуға болады.

«Нұрлы Жол» инфрақұрылымдық даму бағдарламасында бекітілген шарттарға сәйкес, құрылыстың 1 шаршы метр құны Астана, Алматы және қаламаңы аймақтарында, Ақтау, Атырау қалаларында  - 240 мың теңгеден аспауы және еліміздің басқа өңірлерінде – 200 мың теңгеден аспауы тиіс. 

Ағымдық жылы «Нұрлы Жол» бағдарламасы аясында тұрғын үй құрылысының жаңа жобаларын Астана, Алматы, Қарағанды, Шымкент, Қызылорда, Өскемен қалаларында іске асыру жоспарлануда – бұл жалпы алаңы 490 мың шаршы метрден астам шамасымен 10 мың пәтер.

Біздің серіктестер