8-800-8000-111

Барлық мәселелер бойынша
Call-орталыққа жүгінуге болады

Жаңалықтар

24.04.2018

Шымкент қаласында «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы бойынша «Тұлпар» жаңа тұрғын үй кешені салынды

2018 жылғы 24 сәуірде Шымкент қаласының Тұлпар шағын ауданында көп пәтерлі тұрғын үйлерді пайдалануға берудің салтанатты іс-шарасы өткізілді. Жобаны «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ және «Ақмойнақ ССО» ЖШС құрылыс компаниясы «Коммерциялық тұрғын үй» бағыты бойынша «Нұрлы жер» тұрғын үй құрылысы мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде іске асырды.

Іс-шараға «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің, «Қазкоммерцбанкі» АҚ, Шымкент қ. «DAMU» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ, «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ өкілдері, құрылыс салушы -  «Ақмойнақ ССО» ЖШС, Бас мердігер – «Эристайл Қазақстан» ЖШС, сондай-ақ әлеуетті клиенттер мен бағдарлама қонақтары қатысты.

Тұрғын үй кешені – бес және үш қабатты үйлер, пәтер сатып алатын тұрғындарға алаңы 39-68 ш.м. 1,2,3-бөлмелі пәтерлер ұсынылады.

Объектінің инфрақұрылымына ашық паркингтер, балаларға арналған ойын алаңдары, жас көшеттер және асфальт жолдары жатады.

Бұдан басқа тұрғын үй кешені маңында хайуанаттар бағы, ипподром, ағаш-бұта бағы, балабақшалар, емхана, азық-түлік дүкендері, Жақын жерде «Назарбаев зияткерлік мектебі» орналасқан. Көлік-жол айырығы белсенді дамуда.

«Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ Маркетинг жөніндегі басқарушы директор – Басқарма мүшесі Т.Н. Қалдыбаев құттықтау сөзінде: «Тұрғын үй-кешені жоспарланған мерзім ішінде салынды және құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкес келеді. Тұрғын үйлер жалпы алаңы 3885,92 ш.м. 72 пәтерді қамтиды. Қазіргі уақытта коммерциялық бағыт бойынша Шымкент, сондай-ақ  Алматы, Астана, Өскемен қалаларында басқа объектілердің құрылысы аяқталуда»,- деп айтты.

«Нұрлы жер» бағдарламасының шарттары бойынша құрылыс салушыға тұрғын үйдің бүкіл пулын еркін нарықта өткізу құқығы берілді, яғни азаматтар тұрғын үй алу үшін тікелей құрылыс салушыға жүгіне алады.

«Клиенттерге қолайлы болу үшін екінші деңгейдегі банкттер арқылы кредит алу көзделген және құрылыс салушы төлемдерді бөліп төлеуді ұсынып отыр. Пәтерлер таза әрленген, үйлер күйдірілген кірпіштен салынған, сыртқы қабырғалар қалыңдығы 80 мм минералмақтамен жылытылған, үстіне шыны магнезит тақтайшалар орнатылған. Төбе жабындысы ағаш торлары бойынша темір черепицадан жасалған, еденге ламинат төселген, терезеге екі камералы пакет орнатылған. Адамдардың тұруына қолайлы жағдайлар жасау үшін, үйлер қабаттылығы  бүкіл шағын ауданның аз қабатты архитектуралық ансамблін сақтау қағидатына сәйкес келеді» - деп атап өтті «Эристайл Қазақстан» ЖШС мердігер ұйымының директоры Ойрат Мамиров. 

Жалпы алғанда, объект және құрылыс салушы туралы толық ақпарат «Самұрық-Қазына» жылжымайтын мүлік қоры» АҚ www.fnsk.kz сайтында орналастырылды. Пәтерлерді сатып алу мәселесі жөнінде Шымкент қ. «Ақмойнақ СОО» ЖШС сату бөліміне 8 7275 47 70 50, +7 701 725 2239 телефондары немесе tulpar@eristyle.kz  сайты арқылы жүгінуге болады.

Біздің серіктестер