8-800-8000-111

Барлық мәселелер бойынша
Call-орталыққа жүгінуге болады

 
 

Тұрғын кешен туралы

Астана қ. «Алтын Шар» ТК

Жобаның бастамашысы (құрылыс салушы) – «Отау-Құрылыс» ЖШС

Бас мердігер - «Отау-Құрылыс» ЖШС

Тұрғын үйдің класы - III (эконом)

Қабаттылығы - 9

Пәтерлердің жалпы саны – 192

Пәтерлердің жалпы алаңы – 9 162 ш.м.

оның ішінде:

  • СҚЖМҚ пәтерлерінің саны – 160
  • СҚЖМҚ пәтерлерінің алаңы – 7 619 ш.м.

«Отау-City» тұрғын үй кешені – 1, 2, 3-бөлмелі пәтерлерден тұратын ауқымды жоба. Құрылыс орны, «Отау-City» жобасының ауқымдылығы құрылыс-монтаждық жұмыстар сапасы бойынша ең қатаң талаптарға сәйкес келуіне және кешен тұрғындары қажеттіліктерінің толығымен қамтамасыз етуіне кепілдік береді.

Сәулетшілер командасының мақсаты - жаңа ұрпақ үшін қаланың мәдениет орталығында заманауи сәулет шешімін құру.

Тұрғын үй кешені қаланың ауа райы жағдайлары ескеріле жобаланған. Керамикалық кірпіш, қабырғалар тиімді жылуоқшаулағыш материалдармен қапталған және көп қабатты шыны пакеттер жылуды өткізбей, жылыту шығындарын азайтады.

Компания бүкіл отбасының тұруы үшін іс жүзінде қолайлы жағдай жасау идеясын іске асырады, ал баға мен сапаның пайдалы ара қатысы тұтынушылардың басым бөлігіне аса маңызды.

Тұрғын үй кешенінің қауіпсіздігі жоғары деңгейде. Жабық аула алаңдары, автокөлік жүруіне шектеу қойылған, аулаға кіру жолдарында шлагбауымдар қойылған және тәулік бойы бейне бақылау жүргізіледі. Осылайша тек қана арнайы машиналарға кіруге рұқсат берілген аулалардағы машина көптігі мәселесі шешіледі, аулалардың барынша қауіпсіз және серуендеуге және балалардың ойнауына қолайлы болуына мүмкіндік береді.

Тұрғын үй кешені жайлылық деңгейінің  қазіргі талаптарына сәйкес жобаланған және жайлы жағдай мен функционалдылықты қамтиды.

Конфигурациясы бойынша жоспары мен көлемі күрделі шектеулі блок-секциялар қолайлы аула кеңістіктерін жасап,  бөлінген учаскені периметр бойынша жабады.

Ғимараттардың сәулет шешімі заманауи үлгіде жасалған.

Үйдің сырты санитариялық нормаларға және өрт қауіпсіздік нормаларына сәйкес келетін заманауи материалдармен әрленген.

Бас жоспарда өрт сөндіру машиналарының өтуіне жол, өткел, спорт алаңдары, жаяужолдар, гүлзарлар орнатылып, аумақты абаттандыру көзделген.

Аулалардың ішкі кеңістіктерінде балалар мен ересектердің демалуына арналған алаңдар орналастырылған.

Спорт аймағында шағын футбол алаңы, теннис корты бар.

Кеңсе аймағы учаскенің сыртқы жағында орналасқан және олардың жеке алаңдары бар.

МАТЕРИАЛДАР

Ғимараттың немесе құрылыстың элементтері

Әрлеу түрі, материал

1

Қабырғалар

Кірпіш      

2

Төле

 ФБС

3

Үй қанаттары мен пандустардың бүйір қабырғалары

ФБС

4

Балкондардың төбелері

ПК

5

Терезелер, балкон есіктері, витраждар

ПВХ

6

Ағызғыштар, желдету шахталарының шатырлары

Мырышталған болат

7

Лоджиялар, үй қанаттары мен пандус қоршауларының тұтқалары, шатыр қоршаулар

Болаттан жасалған құбырлар

8

Лоджиялардың айыру қалқандары

 Кірпіш, ПВХ

АРТЫҚШЫЛЫҚТАР

  • пәтерді тартымды көрсететін тек қана заманауи материалдар қолданылады
  • Учаске аумағы абаттандырылады және көгалдандырылады
  • Өтетін жолдардың, жаяужолдардың, шаруашылық алаңдар төсеніштерінің асфальтбетон жабындысы бар
  • Пәтерлер эргономды, қолайлы жайғасылған. Қайта жоспарлау мүмкіндігі бар.
  • Құрылыстың кешенділігі, тұру қолайлығының деңгейі жоғары
  • Әлеуметтік, көліктік және инженерлік инфрақұрылымының бар болуы