8-800-8000-111

Барлық мәселелер бойынша
Call-орталыққа жүгінуге болады

 
 

Кешен туралы

Алматы қ. Наурызбай ауданы, Шұғыла ш/а көп қабатты үйлер салынатын екі тұрғын аудан

Толық атауы - Алматы қ. Наурызбай ауданы, Шұғыла ш/а қызмет көрсету объектілері бар көп қабатты үйлер салынатын екі тұрғын аудан (21-35, сондай-ақ 52 орындар)

Жобаның бастамашысы (құрылыс салушы) – «ТИМУС-CONSTRACTION»

Тұрғын үй класы – IV (эконом)

Құрылыстың мекенжайы –  Алматы қ., Наурызбай ауданы,  «Шұғыла» ш/а

Пәтерлердің жалпы саны – 1 144,

Пәтерлердің жалпы алаңы – 63 086 ш.м.

соның ішінде:

  • СҚЖМҚ пәтерлер саны – 935
  • СҚЖМҚ пәтерлерінің алаңы – 50 466,28 ш.м.

Пайдалануға берудің жоспарланған мерзімі – 2018 жылдың 31 желтоқсанына дейін.

Жоба – көп пәтерлі, монолитті 43 тұрғын үйден тұратын кешен, тұрғын үйлердің қабаттылығы – 9-қабат. Жылжымайтын мүлік қорымен бірлескен жоба шеңберінде көп пәтерлі, монолитті 16 тұрғын үйдің құрылысы жоспарлануда (21-35, сондай-ақ 52 орындар). 

Алматы қ. батыс бөлігіндегі тұрғын ауданын егжей-тегжейлі жоспарлау жобасына сәйкес кешен «Шұғыла» шағын ауданына дейін салынатын Жұбанов көшесі және Абай даңғылы арасында орналасады. Құрылыс ауданы Алматы қ. Наурызбай ауданындағы орталық аудандардың бірі болады.

Құрылыстың аумағында мынадай ірі әлеуметтік және коммерциялық объектілер орналасатын болады:

- Наурызбай ауданының әкімдігі;

- 1200 орынға арналған 4 мектеп;

- 8 балабақша;

- Жатақханалары бар университеттер;

- Аурухана кешені;

- Халыққа қызмет көрсету орталығы;

- Гипермаркеті бар сауда орталығы;

- Спорт кешендері;

- Агропромпарк;

- Саябақ аймақтары.