8-800-8000-111

Барлық мәселелер бойынша
Call-орталыққа жүгінуге болады

 
 

Кешен туралы

Семей қ. «Асыл» ТК

Толық атауы - «Шығыс Қазақстан облысы, Семей қ., Сеченов к., 9/3 мекенжайында орналасқан бес қабатты «Асыл» тұрғын үй кешені»

Жобаның бастамашысы (құрылыс салушы) –  «AsilЖолGroup» ЖШС

Тұрғын үйдің класы – IV (эконом)

Құрылыстың мекенжайы – Шығыс Қазақстан облысы, Семей қ.,  Сеченов к., 9/3

Пәтерлердің жалпы саны – 100,

Пәтерлердің жалпы алаңы – 5 564,0 ш.м.

соның ішінде:

  • СҚЖМҚ пәтерлерінің саны – 80
  • СҚЖМҚ пәтерлерінің алаңы – 4 424,7 ш.м.

Пайдалануға берудің жоспарланған мерзімі – 2018 жылдың 1 тамызына дейін.

«Асыл» тұрғын үй кешені 60 пәтерлі (15 бір бөлмелі пәтер, 15 екі бөлмелі, 30 үш бөлмелі)  3 кіреберісі бар және 40 пәтерлі (10 бір бөлмелі, 10 екі бөлмелі, 20 үш бөлмелі) 2 кіреберісі бар екі ғимараттан тұрады. Жобада дене шынықтыру жаттығуларын өткізуге арналған алаң, ойын алаңы, демалу алаңы, халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтарына арналған машина орындарын қоса алғанда, 43 машина орны және қоқыс контейнерлерін қоюға алаң көзделген. Жобада ағаш және бұта егу, сонымен қатар гүлзарлар мен гүлбақша орналастыру жоспарланды.

Болашағы бар аудан.  Таза әрленген пәтерлер өткізіледі. Құрылыстың қысқа мерзімі.