8-800-8000-111

Барлық мәселелер бойынша
Call-орталыққа жүгінуге болады

 
 

Кешен туралы

Атырау қ. «Жерұйық» ТК

Жобаның бастамашысы (құрылыс салушы) – «ABE&K» ЖШС

Бас мердігер - «Direct Construction Service» ЖШС

Тұрғын үйдің класы - III (эконом)

Қабаттылығы - 5

Пәтерлердің жалпы саны – 400

Пәтерлердің жалпы алаңы – 20 956 ш.м.

оның ішінде:

  • СҚЖМҚ пәтерлерінің саны – 300
  • СҚЖМҚ пәтерлерінің алаңы – 15 717 ш.м.

2016 жылғы желтоқсан айында  пайдалануға берілді. 

«Жерұйық» ТК – жайлылығы жоғары, пәтерлердің алаңдары мен жайғасымы әртүрлі тұрғын үй кешені.

Заманауи және өзгелерден ерекшеленетін тұрғын үй кешені қаланың экологиялық жайлы аумағында орналасқан. Ауданның дамыған инфрақұрылымы бұл ауданда жақсы сезінуге мүмкіндік береді, себебі аталған ауданда «Империя Талантов», «Детский сад ТШО» және басқа балабақшалар, Назарбаев Зияткерлік мектебі, «BIOMART» супермаркеті, «Технодом» дүкені бар.

«Жерұйық» тұрғын үй кешені салынған материалдар – қаланың алдыңғы қатарлы құрылыс компанияларының бірі «Direct Construction Service» ЖШС компаниясының Үй салу комбинатында жасалған темірбетон өнімдері, үш қабатты жылы қабырға панельдері, тақталар, баспалдақ марштары және басқа өнімдер. Панельдердегі жоғары жылуоқшалауғыш жылытқыштар энергияны 30-40%-ға үнемдеуге мүмкіндік береді,  бұл ретте барлық материалдар сертификаттаудан өткізіліп, өңірдің климаттық және сейсмотұрақтылық ерекшеліктері ескеріле отырып таңдалды. Кешен құрылыс, өрт және санитариялық эпидемиологиялық қауіпсіздік нормаларына толығымен сәйкес келеді.

АРТЫҚШЫЛЫҚТАР

Тұрғындарға қолайлы болу үшін  «ABE&K» ЖШС компаниясы барлық қажетті коммуникацияларды орнатты. Кешенде мыналар көзделген:

  • Орталықтандырылған канализация желісі
  • Орталықтандырылған газбен жабдықтау желісі
  • Меншікті электр кіші станция
  • Телефон және ТВ желілері қосылған
  • Автономды жылыту жүйесі
  • Металл пластик құбырлары